8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне сыйақы ставкасын төмендету

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне сыйақы ставкасын төмендету 25.02.2013 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне сыйақы ставкасын төмендету АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (Агробизнес-2020 бағдарламасы шеңберінде), 2013 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты кәсіпорындарды қаржылай сауықтыру болып табылады, ол «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар лизингісіне жасалатын шарттар бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Субсидиялау тәртібіне сәйкес, мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттенеді. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалардың лизингі бойынша субсидиялануын бірге есепке алғанда, ставка жылдық 12,8% орнына 5,8% құрады. Субсидия беру мерзімі 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл құрайды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына лизингке ауыл шаруашылығы мақсаттарына қажетті техника сатып алуға республиканың агроқұрылымдарынан жалпы құны шамамен 8,5 млрд. теңгеге 807 өтінім келіп түсті. Жалпы, 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу шеңберінде және қазіргі сұраныстарды ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 1000 бірлік шамасында әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын және оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алмақшы болып отыр. Тиісті шарттар Қазақстандық өндірушілермен және техника жеткізушілерімен ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де бекітілді. Бұл ретте, «ҚазАгроҚаржы» компаниясына қаржыландыруға келіп түскен өтінімдерге қарағанда, 300 бірлік шамасында техника ендігі өз иелерін тапқан немесе таяу арада таппақшы. Тағы да 300 өтінім Қоғамның несие комитетінің қарауында жатыр, 239 шаруашылық тиісті құжаттарын дайындау үстінде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ негізгі мақсаттарының бірі ірі жер иеленушілерге лизингке ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар беру арқылы Қазақстан Республикасының машина-трактор паркін жаңарту болып табылады. Сөйтіп, қызмет атқарып келе жатқан кезеңі ішінде Қоғам жалпы құны 188, 0 млрд. теңгеге 21 мыңнан астам әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды қаржыландырды «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған. Компанияның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Вернуться к списку
;