8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ЕСЖ тауар биржасы арқылы астықты коммерциялық сату басталғаны туралы хабарлайды.

  «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ЕСЖ тауар биржасы арқылы астықты коммерциялық сату басталғаны туралы хабарлайды. 12.10.2012

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ЕСЖ тауар биржасы арқылы астықты коммерциялық сату басталғаны туралы хабарлайды.

 

«ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ұлттық компаниясы» АҚ  (бұдан әрі – Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) бағаларды көтеруге биржалық аукцион режимінде ЕСЖ тауар биржасы арқылы 3 сыныпты азық-түліктік бидайды коммерциялық сату басталғаны туралы хабарлайды. Бұл шешім астықты өткізудің тәртіптерінің айқындығын және ықтимал сатып алушылардың тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

ЕСЖ биржасының өкілдері атап айтқандай, электрондық биржа аукционында өтінім арқылы тауардыңбастапқы бағасын, оның көлемін, жеткізу мерзімін  алдын ала хабарлайтын бір сатушы және қойылған тауар көлеміне, еселі ең төмен лотқа өтінім беретін бірнеше сатып алушы қатысады.

Шифрлау арқылы қорғалған электрондық сауда жүйесіне қатысушылардың алыстан қол жеткізуі 100% ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік береді. Бұл ретте сауда тәртіптерін толық автоматтандыру сауда-саттық нәтижелерінің сөзсіз белгілі бір оймен істелмегендігіне және айқындығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Аукцион  17 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін on-line режимінде өтеді. Алғашқы сауда-саттықта 5 000 тоннадан 4 лот -  20 000 тонна астықты сатуға қою жоспарлануда. Бастапқы баға тоннасына  45 000 теңгені құрайды.

Аукционға қатысу үшін ықтимал сатып алушылар биржаның клиринг орталығының шотына мәмілеге ұсынылған соманың 10% мөлшерінде кепілдік жарна төлеуі тиіс.  Сауда-саттықтың жеңімпаздары ең жоғары ұсынылған баға бойынша анықталады. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының брокерлері мен сатып алушылары сауданың нәтижелері бойынша биржа сауда жүйесінде өзара шарттар жасауы тиіс.

Өткізілетін сауда-саттық туралы нақты ақпаратты төмендегілер бойынша алуға болады:

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ұлттық компаниясы» ҰК» АҚ биржалық брокері - «Алма Лэнд» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ. Достық д-лы, 136, 1101 кеңсе, телефондары: 8 (727) 313-07-45, 313-07-44, факс 313-07-76, e-mail: alma_lend@bk.ru, немесе «КСЖ тауар биржасы» АҚ, телефондары:8 (727) 244-57-80 (вн. 416), e-mail: ets@ets.kz.



Ақпараттық анықтама:

 

«Еуразия сауда жүйесі» АҚ (ЕСЖ)  2008 жылы құрылды. Бірінші сауда-саттық 2009 жылы наурызда өткізілді. Сауда биржасы биржа тауарларымен споттық және мерзімді саудаларды жүргізуге бағытталған. ЕСЖ суда-саттығына қатысушылар – өнімді ақырғы тұтынушылар, қазақстандық және халықаралық брокерлер. Биржа ішкі және сыртқы сауда саласында мемлекеттік реттеу механизмдерін, сауда операцияларының айқындығын жетілдіру, сондай-ақ делдал буындарды болдырмау арқылы елімізде ұйымдастырылған көтерме рынокты дамыту мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта биржада споттық сауданың төрт секциясы жұмыс істейді: ауыл шаруашылығы өнімдері, мұнай өнімдері, металдар және өнеркәсіптік тауарлар, сондай-ақ мерзімді рынок секциясы.

«ЕСЖ» тауар биржасының акционерлері «Московская Биржа ММВБ-РТС» ЖАҚ(61,3%), ҚР Қаржы  министрлігінің  мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (37,7%)*, миноритариялар - 1%.

*ҚР Үкіметінің 2012 ж. 19 қаңтардағы № 134 қаулысына сәйкес, акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне беріледі.


Вернуться к списку
;