8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Елордалық Азық-түлік белдеуі

Елордалық Азық-түлік белдеуі 05.10.2012 Елорданың Азық-түлік белдеуін қалыптастыруға өзінің үлесін қосатын кезекті нысан іске қосылды. Астанада жаңа жеміс-көкөніс қоймасы салынып және өнімдерді қабылдай бастады. «ArUl Communication» ЖШС тиесілі нысан 3 850 тонна көкөніс пен жемісті ұзақ мерзімге сақтауға есептелген. Жобаның жалпы құны 403 млн. тенге, оның 245 млн.теңгесі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестициялық салымы. Аймақтағы бұрын салынған осындай барлық объектілер сияқты көкөніс қоймасы қала мен оның айналасын жас көкөніс және жеміспен қамтамасыз етуге арналған. Бұдан басқа, шаруашылықтың басшысы Ұлан Арынбековтің айтуы бойынша, бұл нысан маусым алралығы кезеңдерінде маңызды көкөніс өнімдеріне бағаны тежеуде де үлесін тигізеді. Арынбеков айтқандай, сақтау қуатын 10 мың тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл үшін оның жанында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда сақтауға 500 тонна картоп салынған және пияз қабылдануда. Жеміс сақтау камералары республиканың оңтүстігінен алма өнімін қабылдауға дайын. Голландия технологиясы мен жабдығы ұзақ мерзімге өнімді сақтау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ республиканың АӨК инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландырылды. Жалпы «ҚазАгро» холдингі компаниясы тобы Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде жалпы құны 30,7 млрд.теңгенің 59 жобасы қаржыландыруға мақұлдады. Олардың ішінде қазіргі уақытта 25,5 млрд.теңгенің 50 жобасы қаржыландырылды. Қазіргі таңда 42 объектінің іске қосылғаны және елорданың базарларына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырып жатқанын айта кету қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «ҚазАгро» холдингі Астана қаласының айналасындағы 300-шақырымдық аумақта ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеуді қаржыландыру жөніндегі жобаларды басымдықты түрде қарастыратыны белгілі. Бұл аймаққа Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.

Вернуться к списку
;