8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақмола облысы үшін Канадалық малдар

Ақмола облысы үшін Канадалық малдар 03.10.2012 Астананың әуежайына бүгін түнде асыл тұқымды етті малдың бір тобы келді. Канадада селекцияланған жоғары өнімді ІҚМ Ақмола облысы Аршалы ауданындағы шаруашылық «Аршалы-Агро Өнімдері» ЖШС арнап сатып алынған. Ұшақпен Канададан 250 бас герефорд тұқымы алып келінді. Бұл сатып алынған малдың алғашқы бөлігі, жалпы 450 бас ірі қара мал алып келу жоспарланған. Ақмола облысының шаруашылықтары үшін асыл тұқымды мал басы – республикадағы етті мал шаруашылығын дамыту жобасының бір құраушысы, ол «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қатысуымен іске асырылады. «Аршалы-Агро Өнімдері» ЖШС қаржыландыруды «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте жобаны қолдау малды сатып алумен ғана шектелген жоқ. 400 басқа арналған асыл тұқымды шаруашылық репродукторды құрумен қатар жемшөп өндірісін дамыту жұмыстары да жүргізілуде. Отандық лизинг компаниясы қажет жабдықтарды сатып алу және қуаттың баламалық көздерін пайдалану арқылы қолданыстағы жайылымдарды суландыруға арналған қаражатты бөлді. Бұл жел қуатын пайдалану арқылы жұмыс істейтін автономиялық су тартқышты, сондай-ақ 300 Вт қуатпен жұмыс істейтін күн панелінің көмегімен бақташылардың тұрмысын ұйымдастыру дегенді білдіреді. Жобаның жалпы құны 392,5 млн. теңге. «Аршалы-Агро Өнімдері» ЖШС айтуы бойынша алып келінген 250 герефордтың ішінде 15 бас өгізше мен 35 қашар бар. Қараша айында 170 бас ангус тұқымды ІҚМ екінші бөлігі алып келінеді. Сатып алынған мал алғашқы кездерде айлық карантиннен өтеді, содан кейін шаруашылықтарға орналастырылады. Кейіннен олардан алынған төлдерді аукцион арқылы, сондай-ақ ауданда ұйымдастырылатын Мал базарында сату жоспарланады. Етті бағыттағы жоғары өнімді асыл тұқымды малды алып келу ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингімен қаржыландырылады. Республикадағы малдың етті өнімділігін жоғарылатуды асыл тұқымдық базаны белсенді арттыру және тұқымдық түрлендіру жүргізу арқылы жүзеге асыру болжанады. 2011 жылы «ҚазАгро» холдингінің қаржыландыруы есебінен республикаға 9855 бас асыл тұқымды мал алып келінді. Ағымдағы жылы Холдинг шамамен 11 мың бас малды әкелуді қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Вернуться к списку
;