8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Астық сақтау қоймасының құрылысы және жаңарту

Астық сақтау қоймасының құрылысы және жаңарту                             01.10.2012 «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорыны» ЖШС астық сақтау қоймасынан қытайдың нарығына алғашқы 30 мың тонна бидай тиеліп жөнелтілді. Бұл туралы компанияның басшыларының бірі Владимир Стороженко айтты. «ҚазАгро» холдингінің желісі бойынша масштабты жаңаруына 289,3 млн. теңге көлеміндегі қаражат бөлінген Ақмола облысындағы астық қоймасы сақтауға 70 мың тонна бидай қабылдады. Осы ретте, кәсіпкердің сөзі бойынша кәсіпорын айналым қаражаты есебінен биылғы жылы жүктеу көлемін 100 мың тоннаға дейін жеткізуге ниетті. Өткен ғасырдың елуінші жылдарында салынған кешен алғаш рет осындай түбегейлі жаңартудан өткізілуде. Шаруашылықтың мамандары айтқандай, ұзақ уақыт бойы қойманың ғимаратының тас қабырғаларынан басқа барлығы әбден тозған. Осы күрделі құрылыстардың тек төбесін ауыстыру қажет. Астық қоймасын жаңартуды қаржыландыруды «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы еншілес компаниялардың бірі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүзеге асырады. Маңызды нысанды қайта құрастыруға ең озық технологиялар қолданылады. Негізінде оларды испанияның компаниялары ұсынады. Аргентинадан алынған құрғатқыш жабдық пен автоматты сынама іріктеуі бар Швейцарияның өте дәл зертханасы ғана айырықша. Астық қоймасының қасынан қазіргі заманға лайық ұн тарту кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысы мен жарақтауына 328,5 млн.теңге көлеміндегі қаражатты да «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлді. Барлық кешенді қайта құру кәсіпорынның жоспарлы қызметімен қатарласа жүргізілуде. «ҚазАгро» холдингінің басқа еншілес компаниясы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ республикалық бюджеттен қаражат тарту арқылы Оңтүстік-Қазақстан облысында 200 мың тонналық, Ақтөбе облысында 150 мың тонналық, Маңғыстау облысында 50 мың тонналық сыйымдылықпен астық терминалдарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұдан өзге, 100 мың тоннаға арналған, соның ішінде Солтүстік-Қазақстан облысында майлы дақылдарға арналған 30 мың тонналық сыйымдылықпен астық қоймасының құрылысы жоспарлануда. Қаржыландыру бойынша оң шешім қабылданған жағдайда осы нысандарды 2014 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарлануда. Бұдан басқа, 50 мың тоннаға арналған 2-ші Астық базасын (Солтүстік-Қазақстан облысы, Новоишим ауылы) кеңейту жоспарлануда, соның ішінде 22,5 мың тонна майлы дақылдарға арналған. Жалпы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2010-2011 жылдар аралығында жалпы құны 5,3 млрд.теңгеге 14 астық қоймасы пайдалануға берілді. Олардың жиынтық сақтау сыйымдылығы 284 мың. тоннаны құрайды. Осы жылдың аяғына дейін сыйымдылығы 61 мың тонна, және құны 1,9 млрд.теңге болатын 5 астық қоймасын іске қосу жоспарлануда. Оның екі нысаны Ақмола облысында, 3-еуі СҚО орналасқан. Бұдан басқа Ақмола облысында 2013 жылы сыйымдылығы 12 мың тонналық тағы бір астық қоймасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаның құны 261,5 млн. теңгеге бағаланады.

Вернуться к списку
;