8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Жаңа астық қоймаларын тұрғызу

Жаңа астық қоймаларын тұрғызу 24.09.2012 Қазір «ҚазАгроҚаржы» АҚ астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға байланысты төрт жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарау үстінде. Бұл объектілердің жиынтық сақтау сыйымдылығы шамамен 110 мың тонна астық және майлы дақылдарды құрайды. Әңгіме Ақмола облысындағы және СҚО астық қоймаларының біреуіндегі астық сақтауға, тазалауға және кептіруге арналған үш кешенді қаржыландыру жөнінде болып отыр. Бұл жобалардың ішіндегі ең ірісі Ақмола облысының Шортанды ауданында іске асырылмақшы, мұнда 50 мың тонналық астық қоймасының құрылысы жоспарлануда. Астық сақтауға байланысты жобаларды қаржыландыру жұмысын «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткен жылдан бастаған болатын. Бұл қаржы операторы республиканың АӨК-не инвестжобаларды іске асыру шеңберінде лизингтік компания болып табылатын жаңа бағыт. Бүгінгі таңда қаралып жатқан жобалардан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сыйымдылығы 70 мың тонналық әр түрлі үлгідегі 6 астық қоймасын тұрғызу мен модернизациялау бойынша жобаларды мақұлдап, қаржыландыру жұмысын жүргізу үстінде. Бұл жобалар Ақмола облысында 12 мың тонна өнімге арналған «ХПП Тонкерис» ЖШС астық қоймасын модернизациялауға, сонымен қатар сыйымдылығы 6 мың тонналық «Оксановка-1» ЖШС және 12 мың тонналық «ШаныракР» ЖШС астық қоймасын тұрғызуға байланысты. Солтүстік Қазақстан облысында «ХПП АЛАЗ» сыйымдылығы 20 000 тонналық, «ХПП Ильичевка» ЖШС 14 мың тонналық және «Ар» ЖШС 9 мың тонналық астық қоймасын тұрғызу жұмысы жүріп жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ осы объектілердің бәріне инвестициялайтын қаржысының жалпы көлемі 1 млрд. теңгеден асады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандарының бағалауы бойынша, республикада негізгі астық егетін облыстарда астық қоймларының жетіспеушілігі әлі де болса баршылық. Кейбір астық қоймаларының материалдық-техникалық базасы тозған, сыйымдылықтардың бір бөлігі қалпына келтіруді қажетсінеді.Бұл проблеманың шешуі дәнді және майлы дақылдарды сақтауға арналған объектілерді тұрғызу мен модернизациялауда болып отыр, бұл жағдай өсірілген өнімнің сапасын сақтай отырып, өндіріс көлемін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Анықтама: Астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау бекеті) – астық сақтауға арналған арнайы мамандандырылған техникалық құрылыс. Астық қабылдау – Астық қабылданатын, өлшенетін, кептірілетін, тазаланатын, сақталып, тиелетін астық қоймасында жүзеге асырылатын қызметтердің технологиялық кешені. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығында ірі-тауарлық сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтар-репродукторлардың, сойыс пункттерінің желілерін құруға байланысты инвестициялық бағыттардың операторы болып табылады. Бұдан басқа, компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамытуға және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып сурау технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды қаржыландырады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;