8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Алматы облысындағы жаңа жылыжай кешені

Алматы облысындағы жаңа жылыжай кешені 22.08.2012 -«Біз аталмыш жер телімінде 15, мүмкін 20 га жылыжай алаңдарын тұрғызуды көздеп отырмыз. Біз оны, сөзсіз, одан әрі ұлғайтамыз». Бұл туралы «GreenLandAlatay» ЖШС директоры Даутов Алмаз Алматы облысында Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешендерінің бірінің іске қосылуына байланысты журналистермен өткен кездесуде мәлімдеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысының Қапшағай қаласында алаңы 5 га жоғары технологиялы жылыжай өз жұмыстын бастады. Аймақ үшін маңызды объект голланд технологиясы бойынша тұрғызылған және жыл бойы 1000 тоннадан аса қызанақ, 2000 тонна қияр және бір тоннаға жуық салат өсіруге арналған. Дәстүрлі көкөністерден басқа, жылыжай салат өнімдерін (ас көгін, жасылша, сельдерей мен басқа да экзотикалық көк өністердің түрлерін) өсіру бойынша автоматтандырылған желіні іске қосады. Қазір кешенде көшет отырғызу бойынша дайындық жұмыстары, сондай-ақ, алаңдарды санитарлық өңдеуге байланысты іс-шаралар жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 2,3 млрд. теңгеден асады. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының перспективалық кешенге салған инвестиция көлемі шамамен 2 млрд. теңге. Отандық лизингтік компания жылыжай құрылысын АӨК инвестициялық жобаларды іске асыру және Алматы қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру шеңберінде қаржыландырды. Жоба Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген және Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) бойынша тұрғызылған. Осындай инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесіне тоқтала отырып, Даутов Алмаз ауыл шаруашылығы – тәуекелді сала. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің ұсынып отырған шарттары өте күрделі. Сол себепті басынан-ақ бұл жоба тек «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша ғана қаржыландырылады деп жобаланғанын атап өтті. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» республикада жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгеге және жиынтық өндірістік қуаты жылына шамамен 24,1 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері мен 5 млн. дана көшет өсіретін өнеркәсіптік үлгідегі 13 жылыжай кешенінің құрылысын қаржыландыру үстінде. Бұл жылыжайлардың жиынтық алаңы 45,8 га. Аталмыш перспективалы жобаларға қолдау жасау «ҚазАгро» ұлттық холдингі бекіткен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Бұл ретте 2008 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржыландыруының арқасында жалпы алаңы 27,4 га, жиынтық қуаты жылына 15,3 мың тонналық 8 жылыжай кешені іске қосылған. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінде өнеркәсіптік үлгідегі жиынтық алаңы 14,5 га жылыжай кешендерінің құрылысын көздейтін 4 жоба қаралу үстінде. Әңгіме Атырау облысындағы алаңы 2 га, Алматы облысындағы алаңы 1,3 га және Оңтүстік Қазақстан облысындағы алаңы 3,2 га жылыжайлар жөнінде. Бұдан басқа, Қарағанды облысындағы алаңы 8 га қазіргі замани кешенді қаржыландыру мәселесі қаралып жатыр. Алаңы 5,1 га «GreenLandAlatay» ЖШС жылыжайында өсірілетін өнімдерге тоқтала отырып, Даутов Алмаз олардың қайта өңделмейтінін атап өтті. Кешенде өсірілген көкөністер жаңа піскен күйінде қолдануға арналған, өйткені жобаның басты мақсаты – халықты жаңа піскен сапалы өніммен қамтамасыз ету, нарықтағы бағаны түсіру, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде көкөністердің бағасын тұрақтандыру. Бұл ретте жылыжайдың басшысы жаңа жылыжай кешені толық қуатына шыққан кезде, Алматы аймағындағы нарық қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз ете алатынын айтып өтті. Ірі өнеркәсіптік жылыжай кешендерінен басқа, республикада шағын жылыжайлардың да құрылысы жүріп жатқанын айта кету керек. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі кішігірім несие беру бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында - 50, Жамбыл облысында - 104 және Оңтүстік Қазақстан облысында – 100 шағын жылыжай тұрғызып жатыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтөбе облысында 50, Жамбыл облысында 100 және Қызылорда облысында 50 шағын жылыжайдан 2 комплект пайдалануға тапсыру жоспарлануда. «ҚазАгроҚаржы» сарапшыларының айтуынша, мысалы, жабық жерде өсірілетін қызанақтың орташа өнім шығымдылығы гектарына 400-500 тонна, ал осы дақылдың ашық жердегі шығымдылығы 60-80 тонна шегінде ғана. Жылыжай өндірісіндегі жаңа технологиялардың қолданылуы шығымдылықты бірден арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 есе азаяды және сонша рет жұмыс күші де үнемделеді. Сонымен бірге, қазіргі енгізіліп жатқан технологиялар суды едәуір, 2-3 есеге үнемдейді және өсімдіктердің әр түрлі ауруларынан сақтайды. Қазіргі заман жылыжайларда минералдық тыңайтқыштарды дайындау мен салу процестері автоматтандырылған, топырақты өңдеуге байланысты барлық операциялар алынып тасталған. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржыландыруының арқасында іске қосылған жобалар: - «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС (Агрисовгаз ЖШҚ технологиясы бойынша, Ресей) – Ақмола облысындағы жобалық қуаты жылына 1 832 тонна көкөніс өнімдерін өндіретін алаңы 3,56 га жерге арналған жылыжай. Объект 2010 жылдың қазан айында іске қосылған. - «GreenTechnology» ЖШС (Агрисовгаз ЖШҚ технологиясы бойынша, Ресей) –Қарағанды қаласындағы жобалық қуаты жылына 1 747 тонна көкөніс өнімдерін беретін алаңы 3 га жерге арналған жылыжай. 2011 жылдың мамыр айында іске қосылған. - «Аделя» ШҚ (түрік технологиясы бойынша) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жобалық қуаты жылына 1 600 тоннаға дейін көкөніс өнімдерін беретін алаңы 5 га жерге арналған жылыжай. Объект 2011 жылдың маусым айында іске қосылған. - «Астана Эко Стандарт» ЖШС (Израиль технологиясы бойынша) – Астана қаласындағы жобалық қуаты жылына 1 950 тонна көкөніс өнімдерін беретін алаңы 3 га жерге арналған жылыжай. Объект 2012 жылдың ақпан айында іске қосылған. - «GreenHouse - зеленый дом» ЖШС (Агрисовгаз ЖШҚ технологиясы бойынша, Ресей) – Алматы облысындағы жобалық қуаты жылына 2 474 тонна көкөніс өнімдерін беретін алаңы 3,65 га жерге арналған жылыжай. 2012 жылдың маусым айында іске қосылған. - «GreenLandAlatay» ЖШС (Dalsem технологиясы, Голландия) – Алматы облысындағы жобалық қуаты жылына 3 821 тонна көкөніс өнімдерін беретін алаңы 5,1 га жерге арналған жылыжай. 2012 жылдың маусым айында іске қосылған. - «АзияТрейд-1» ЖШС (NETAFIM фирмасының технологиясы, Израиль) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жобалық қуаты жылына 400 тонна көкөніс өнімдерін өндіретін алаңы 1 га жерге арналған жылыжай. Объект 2008 жылдың тамыз айында іске қосылған. - «IzetGreenhouse» ЖШС (голланд технологиясы) – Ақтөбе облысындағы жобалық қуаты жылына 1 500 тонна көкөніс өнімдерін беретін алаңы 3,1 га жерге арналған жылыжай. Объект 2010 жылдың қараша айында іске қосылған. 2012 жылдың бірінші кварталы ішінде шамамен 10 тонна өнім алынды. 2012-2013 жж. аралығында келесідей жобалар іске қосылады деп жоспарлануда: - «Онти» ЖШС («ELIF MAKINA MOBİLYA GIDA KIRTASIYE SAN.DIS TIC. LTD», Түркия) – Оңтүстік Қазақстан облысында алаңы 2 га, жобалық қуаты жылына 680 тонна көкөніс өнімдерін өсіруге болатын жылыжай тұрғызу. - «СЗЦ Асар KZ» COINSA, S.L. ЖШС (Испания) – Оңтүстік Қазақстан облысында алаңы 2,2 га, жобалық қуаты жылына 350 тонна көкөніс өнімдерін, 5 млн. дана көшет өсіруге болатын жылыжай тұрғызу. - «Манат» ШҚ (Түркия) – Жамбыл облысында алаңы 1 га, жобалық қуаты жылына 350 тонна көкөніс өнімдерін өсіруге болатын жылыжай тұрғызу. - "Ифтихари Ф.А." ЖК – Оңтүстік Қазақстан облысында алаңы 2 га, жобалық қуаты жылына 790 тонна көкөніс өнімдерін өсіруге болатын жылыжай құру. - "Ақтөбе-Жылыжай" ЖШС – Ақтөбе облысында алаңы 3 га, жылыжай құру. «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;