8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанның өнеркәсіптік жылыжайлары

Қазақстанның өнеркәсіптік жылыжайлары 16.08.2012 «ҚазАгроҚаржы» бүгінгі таңда республикада өнеркәсіптік үлгідегі 13 жылыжай кешенінің құрылысын қаржыландыруда. Бұл перспективалы жобаларға қолдау жасау лизингілік компанияның ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыруы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Объектілердің негізгі бөлігі Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген және олардың құрылысы мемлекеттік ҮИИД бағдарламасына сәйкес тұрғызылуда. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» қаржыландырған жобалардың бірқатары ендігі іске қосылып, көкөніс өнімдері өндірісін жөнге салған. Әңгіме Ақмола облысы Степногорск қаласындағы алаңы 3,56 га «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС, Қарағандыдағы алаңы 3 га «Green Technology» ЖШС, Ақтөбе облысындағы алаңы 3 га «Izet Greenhouse» ЖШС, Астанадағы алаңы 3 га «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС жөнінде болып отыр. Алматы облысында алаңы 5,1 га жерде орналасқан «Green Land Alatay» ЖШС жылыжайына көшеттер отырғызуға дайындық жұмысы жүріп жатыр. Биылғы жылы және 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 350 тонна томат пен 5 млн. дана көшет өсіру үшін «СЗЦ Асар KZ» ЖШС алаңы 2,2 гектар, сонымен қатар 790 тонна көкөніс өнімдерін өсіру үшін «Ифтихари Ф.А.» ЖК алаңы 2 га сияқты қазіргі заман 2 жылыжай кешенінің құрылыстары аяқталмақшы. Сонымен бірге, Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Манат» шаруа қожалығының алаңы 1 гектар жылыжайының құрылысы жүріп жатыр және Алматы облысында «Green House - Зеленый дом» ЖШС алаңы 3,6 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуда. «ҚазАгроҚаржы» қаржыландыруға кейінгі мақұлдаған жобаларының ішінде – 824 тонна қияр мен 691 тонна қызанақ өсіруге арналған "Ақтөбе-Жылыжай" ЖШС алаңы 3 га жылыжай кешенін, сондай-ақ, Жамбыл облысында 345 тонна қияр мен 172 тонна қызанақ және 36 тонна аскөк өндіруге жоспарланған "Луговской жылқы зауыты" ЖШС алаңы 1,3 га жылыжай құру. Ірі өнеркәсіптік жылыжай кешендерінен басқа, республикада шағын жылыжайлардың да құрылысы жүріп жатқанын айта кету керек. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі кішігірім несие беру бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында - 50, Жамбыл облысында - 104 және Оңтүстік Қазақстан облысында – 100 шағын жылыжай тұрғызып жатыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтөбе облысында 50, Жамбыл облысында 100 және Қызылорда облысында 50 шағын жылыжайдан 2 комплект пайдалануға тапсыру жоспарлануда. «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;