8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Жаңа өнімге арналған жаңа комбайндар

Жаңа өнімге арналған жаңа комбайндар                                                               02.08.2012 Биылғы жылдың егін жинау науқанына қарай «ҚазАгроҚаржы» АҚ 800 астам комбайн жеткізуге келісімшартқа отырды. Бұрынғыдай отандық ірі жер иеленушілер үшін жақын және алыс шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер, сондай-ақ, қазақстандық машина жасаушылар өздерінің астық жинауға арналған техникаларының алуан түрін ұсынды. Жасалған келісімшарттар шеңберінде отандық лизингтік компания қостанайлық «Агромашхолдинг» АҚ өндірісінің шамамен 320 «Essil» комбайнын және «Ростсельмаш» «Комбайновый завод» ЖШҚ өндірісінің 300 аса техникасын сатып алмақшы болып отыр. Бұдан басқа, бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» 100 «Енисей», 85 John Deere (Джон Дир), 13 CLAAS (Клаас) және 15 Case (Кэйс) комбайндарын сатып алуға келісімшартқа отырды. Бұл ретте, бұл келісімшарттардың «топтасуы» республиканың шаруалары мен агроқұрылымдарының техникаға деген қызығушылықтарының және сұраныстарының болғандығынан екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» компаниясында астық жинайтын комбайн сатып алуға 500 астам өтінім қаралу үстінде. Қазіргі кезде олардың шамамен 400 компанияның несие комитетімен мақұлданған. Келіп түскен және мақұлданған өтінімдердің көпшілігін «ҚазАгроҚаржы» ұсақ шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған жаңа «Астық-2012» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырады. Естеріңізге сала кетейік, жаздың басынан бастап, лизингтік компания «ҚазАгро» ұлттық холдингі қабылдаған бағдарлама шеңберінде алдағы егін жинау науқанына қажетті комбайндар сатып алу бойынша шаруалардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін жеңілдетілген қаржыландыру талаптарын бекітті. Жаңа енгізілімнің негізгі тармақтары – лизингке сатылып алынған комбайн үшін аванстық төлемді екі еседен артық шамаға төмендету, шаруалар егін жинау науқанын аяқтағанша төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту. Лизингке барынша арзан және қызмет көрсетуде айтарлықтай шығын шықпайтын ресейлік және қазақстандық өндірістердің «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» сияқты комбайндары ұсынылмақ. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлыбек Малеловтың айтуынша, осы қолданылып отырған шаралардың бәрі де бюджеті шектеулі шаруашылықтарға айтарлықтай көмек болуға тиісті. Олардың көпшілігі маусымдық жұмыс қызған кезде комбайнды жалға алуға мәжбүр болады, бұл ретте олар бүкіл агротехникалық мерзімді бұзады, соның салдарынан астықтың, кейде тіпті бүкіл өнімнің сапасын жоғалтады. Биылғы жылдың астық жинау науқанына «ҚазАгроҚаржы» агрошаруашылыққа қажетті басқа да техниканы жеткізбекші. Әңгіме астық кептіргіш жабдықтар пен «СемАЗ» ЖШС өндірісінің «Беларус» тракторлары жөнінде. 2012 жылдың басынан бастап, «ҚазАгроҚаржы» Семей машина жасаушыларынан 530 астам бірлік техника сатып алды, қазіргі кезде олардың 507 тракторы шаруашылықтардың иелігіне табысталды. Естеріңізге сала кетейік, «СемАЗ» зауытының құрылысын 2009 жылы «Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру» бағытында инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» қаржыландырған болатын. Анықтама: 2000-2012 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ республиканың АӨК дамытуға 252 млрд. теңгеден астам қаражат салды. Осы уақыт ішінде отандық лизингтік компания жалпы сомасы 178,5 млрд. теңгеге 20,5 мың бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды қаржыландырған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылық қаражаттарға, сондай-ақ лизингтік негізде ауылшаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету жолымен республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

Вернуться к списку
;