8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Астық-2012». Шаруа қожалықтары үшін жеңілдікті жағдайлармен берілетін комбайндар

«Астық-2012». Шаруа қожалықтары үшін  жеңілдікті жағдайлармен берілетін комбайндар 20.07.2012 «Астық-2012» бағдарламасы іске қосылғаннан бері алғашқы екі апта ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-қа шаруашылықтардан 200-ге жуық өтінім келіп түсті. Бұрын хабарланғандай, жаңа акцияға сәйкес қазақстандық аграрийлерге 2012 жылғы егін жинау науқанына оңайлатылған схема бойынша астық жинайтын техниканы сатып алуына мүмкіндік бар. «КазАгро» ұлттық холдингінің құрылымына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясы алдағы науқанда қажетті комбайндарды сатып алуда шаруалардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін қаржыландырудың жеңілдетілген шарттарын бекітті. Бірінші кезекте бұл бағдарлама ұсақ шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған. Бүгінгі күні неғұрлым көп мақұлданған қаржыландыру өтінімдері Солтүстік Қазақстан облысынан болып отыр. «Даньяров» шаруа қожалығы жаңа бағдарлама шеңберінде комбайн алатындардың бірінші қатарында. Оның басшысы Қалым Даньяровтың айтуынша, осы акцияның беретін мүмкіндіктері күткендегіден де асып түскен. Лизингке сатып алынатын комбайнның аванстық төлемін екі еседен аса төмендету және төлемдер бойынша мерзімді шаруалар егін жинауды аяқтағанға дейін ұзарту және бұл ретте 4% ставкамен 7 жыл мерзімге беру – шектеулі бюджеттегі шаруашылықтар үшін айтарлықтай қолдау болып табылады. СҚО-дан «Дина» ШҚ басшысы Ғали Құсайыновтың айтуынша, ауыл тұрғындарының бәрінің дерлік қажетті ауылшаруашылығы техникасы паркін сатып алуға және ұстауға мүмкіндіктері жоқ. Көбісі, науқанның қызған шағында жалға алатын комбайнды тартуға мәжбүр, алайда өз егінін жинап алмайынша, ешкімнің де техниканы бермейтіні түсінікті. Сондықтан көбінесе, агротехникалық мерзімдер бұзылып, бидайдың сапасына әсер етеді. Құсайыновтың сөзімен айтсақ, олар бұрын техниканы сатып алуды «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша жүргізген, ал бұл жолы «Астық-2012» бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңа шарттарын пайдаланып, «Вектор» комбайнын сатып алған. Жаңа бағдарламаға сәйкес лизингке қымбат емес және қызмет көрсету шығыны аса көп емес астық жинайтын техника, ресейлік және қазақстандық өндірістегі – «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор» комбайндары ұсынылады. Қол жетімді құны (орташа алғанда 10 млн. теңгеден бастап) ескеріле отырып, бұл комбайндар үлкен сұранысқа ие, әрі ұсақ және орта ауылшаруашылығын қалыптастырушылар жыл сайын сатып алады. «Астық-2012» бағдарламасы бойынша жаңа жеңілдік шарттары мынадай шараларды болжайды: - бірінші (аванстық) лизингтік төлем лизинг (комбайн) затының жалпы құнынан 10% мөлшерінде; - бірінші лизингтік төлемге дейін лизингке техниканы беру мүмкіндігі; - ағымдағы жылдың астығын алғанға дейін (қараша айына дейін, яғни шаруашылық жиынды аяқтаған және егілген өнімді толық жинаған кезеңге дейін) бірінші лизингтік төлем бойынша мерзімді ұзартуды ұсыну. Бүгінгі күні «ҚазАгроҚаржы» бірқатар жеткізушілермен және дайындаушы-зауыттармен («АгромашХолдинг» АҚ, «Четра-Восток» ЖШҚ, «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ) келіссөздер жүргізді, олардың өндірістік қуаты 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға 760 бірліктен кем емес комбайнды жеткізуге мүмкіндік береді. Атап өтетін жайт, «Астық-2012» бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» ұсынатын егін жинайтын техниканың барлық спектрі толық көлемде 21-22 шілдеде Астанада дәстүрлі «Қараөткел-2012» агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің көрме-жәрмеңкесінде ұсынылатын болады. 2000-2012 жж. кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ республиканың АӨК-ін дамытуға 240 млрд. теңгеден инвестициялауды жүргізді. Осы уақыт ішінде лизингтік компания 20 мыңнан астам бірлікте ауылшаруашылығы техникасы мен өңдеуші жабдықтарды жалпы сомасы 178,5 млрд. теңгеге сатып алуды қаржыландырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылық қаражаттарға, сондай-ақ лизингтік негізде ауылшаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету жолымен республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

Вернуться к списку
;