8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанды индустрияландыру картасындағы АӨК жобалары

Қазақстанды индустрияландыру картасындағы АӨК жобалары                        05.07.2012 Бүгінгі таңда Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген еліміздің аграрлық секторындағы 59 ірі жоба «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауының арқасында іске асырылуда. Бұл ретте, олардың жартсынан көбі іске қосылған және өздерінің өнім шығару өндірісін жолға салған. Қазіргі уақытта қаржыландыру және құрылысын тұрғызу сатысында тұрған жобаларды іске қосу ағымдағы жылға және алдымыздағы жылға көзделген. Жалпы алғанда, құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ да кіретін «ҚазАгро» ұлттық холдингінің бір топ компаниялары жалпы сомасы 115 млрд. теңгеге Картадағы 86 жобаны іске асыру үстінде. Жұртқа мәлім, Қазақстанның экономикасын әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басты тетігі Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта мемлекетке бизнеспен бірлесе отырып, дұрыс инвестициялық шешімдер шығаруға және жекеменшік сектордың жобаларын іске асыру мен инфрақұрылымды дамыту және елдің ресурстық әлеуеті арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы барлық басты бағыттарда ең перспективалы объектілерді тұрғызу мен модернизациялауға қаржыландырады. Әңгіме қайта өңдеу саласындағы жобалар, компанияның ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, қазіргі заман көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің желісін құруға қаржыландыруы жөнінде, сонымен қатар тамшылатып суару технологияларын енгізуге байланысты жобалар жөнінде болып отыр. Өткен жылдың жазынан бастап, лизингтік компания мал бордақылау алаңдарын, етті қайта өңдеу кешендерін, асыл тұқымды шаруашылықтарды (репродукторларды) құру мен қайта құруға байланысты жобаларды қаржыландырып келеді. Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және астық қоймаларын тұрғызу – «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыратын жаңа бағыттардың қатарында тұр. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» қаржыландырып жатқан Индустрияландыру картасына енгізілген 59 жобаның көпшілігі Қостанай облысына (12 жоба), Оңтүстік Қазақстан облысына (7 жоба) және Павлодар облысына (7 жоба) келеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 5 жоба іске асырылуда. Ең ірі және ендігі қолданыстағы кәсіпорындардың ішінде – Ақтөбе облысындағы "Парижская Коммуна XXI" ЖШС мал шаруашылығы кешені және "IzetGreenhouse" ЖШС жылыжай кешені, Шығыс Қазақстан облысындағы СемАЗ машина жасау зауыты және "Усть-Каменогорская птицефабрика" АҚ құс фабрикасы, Қостанай облысындағы "Север-Агро Н" ЖШС 2500 бас аналық ІҚМ арналған шаруашылық-репродуктор, "Сарыағаш" ЖШС тауарлы-сүт фермасы және "Каржау" ШҚ өсімдік майын өндіру зауыты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Ордабасы Кус" ЖШС күркетауық сою және етін қайта өңдеу құс кешені және "ZeroMax KZ" ЖШС жылыжайға арналған жиынтықтаушы бөлшектер өндіру зауыты. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ іске қосылуы 2012-2013 жылдарға шамаланған бірқатар жобаларды мақұлдаған және қаржыландыру үстінде. Бұл жобалардың ішінде – Ақтөбе облысындағы "Анди" ЖШС 500 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасы және "АкТеп" ЖШС мал шаруашылығы кешені, Алматы облысындағы "GreenLandAlatau" ЖШС алаңы 5,1 га жылыжай кешені, Атырау облысындағы "Атырау-Сауда" ЖШС құс фабрикасы, Қарағанды облысындағы "CapitalProjectsLtd" ЖШС қуаты 9400 тоннаға дейін баратын бройлер құс фабрикасы, Қостанай облысындағы "Ермек-К" ЖШС сыйымдылығы 3 мың тонналық көкөніс қоймасы, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Зенченко и К" КС сүтті қайта өңдеу кешені, Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қазына-жер ЛТД" ЖШС тауарлы-сүт фермасы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларының пікірі бойынша, осы 59 жобаның іске асырылуы аймақтағы таза экономикалық мәселелерді шешумен қатар, әлеуметтік мәселелерді де шешуге ықпалын тигізетін болады, өйткені жаңа кәсіпорындардың тұрғызылуымен қатар 3 700 жұмыс орны құрылатын болады. «ҚазАгроҚаржы» қазіргі кезде республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарынан қаржыландырылуы «ҚазАгро» ұлттық холдинг беткіткен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын өтінімдерді қабылдау жұмысын одан әрі жалғастыруда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамына енеді.

Вернуться к списку
;