8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа ақпараттық жүйесі

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа ақпараттық жүйесі 28.06.2012 Клиенттермен өзара қарым-қатынастарды басқару бойынша негізгі процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында қолданысқа енгізілген. Жаңа бағдарламалық өнім компанияның лизинг алушыларымен және қарыз алушыларымен жүргізілетін жұмысының бірыңғай корпоративтік тәсілдемесін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бизнес-процестерді жетілдіруді компания ҚР АШМ тапсырмасына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару тиімділігін арттыру бойынша негізгі қызмет принциптері туралы қағидалары шеңберінде жүргізеді. Бағдарламалық өнімді OracleSiebelCRM базасы негізінде «БОРЛАС-ЕЛТАЛ» компаниясы енгізді. Негізгі мақсаты – барлық процесс барысында (өтінім берушілердің өтінімдерін қабылдау мен құжаттар пакетін тіркеуден бастап, мониторинг жүргізу мен жобаны іске асыру кезіндегі процесті басқаруға дейін) компанияның клиенттерімен және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынастарды басқарудың жолға салынған жүйесін құру. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлыбек Малеловтың айтуы бойынша, жаңа жүйе жекелеген бөлімшелердің де, түгел компанияның да қызметіне талдау жасап, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жұмысты орындау, шұғыл есептілік беру, қызметтің тиімділік және негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу мерзімдерін бақылау бөлігінде қызметкерлер құрамының жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйе ұзақ мерзімді және көп кезеңді жобалар жүргізілетін және көптеген жұмыскерлер мен әр түрлі бөлімшелер жұмылдырылған құрылымдарда қолданылады. Жүйе тек әрбір жобаға деген жеке тәсілдеме табуды ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ, белгіленген мерзімнің, шарт талаптарының дәл сақталуын, келісілген жұмыс пен жұмыс процесіне жұмылдырылған барлық қызметкерлердің мұқиятттылығын бақылауға алуды көздейді. Осының бәрі келесі нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді: • клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру; • қызмет көрсетуге қалыптасқан бірыңғай жалпы корпоративтік тәсілдеме; • компанияның құрылымдық бөлімше мамандарының жұмысын автоматтандыру; • одан арғы жұмысты жоспарлау үшін клиенттермен өзара әрекеттестік туралы толық ақпарат алу; • қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыру; • құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту; • іс-шараларды орындау мерзімдерінің жүйелі мониторингі. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ айтып өткендей, «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қызметті автоматтандыру үшін ақпараттық жүйені енгізу тәжірибесі холдингтің өзге еншілес компанияларында да қолданылатын болады.

Вернуться к списку
;