8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Идустрияландыру картасының кезекті жобасы. Қостанай облысындағы жаңа май зауыты.

Идустрияландыру картасының кезекті жобасы. Қостанай облысындағы жаңа май зауыты. 27.06.2012 Бүгін республикалық Индустрияландыру картасының кезекті жобасы іске қосылды. Қостанай облысында қуаты жылына 2 600 тонна өсімдік (күнбағыс, рапс) майын өндіретін зауыт ашылды. Кәсіпорын «Қаржау» шаруа қожалығына тиесілі. Жобаны перспективалы өндіріске 256 млн. теңге инвестициялаған «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды. Өзінің жаңа объектісін шаруашылық директоры Мухамбетжан Акулов сыпайы ғана цех деп атайды. Май шайқау қуатын көбейту үшін қосымша жабдық орнатқанда ғана зауыт болады дейді. Әңгіме өнімділігі сағатына 400-500 кг жаңа пресс жөнінде, оны сатып алуға өтінімді қазір «ҚазАгроҚаржы» қарау үстінде. «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша қаржы лизингісінің көмегімен қайта өңдеу кәсіпорыны үшін Farwick Maschinen-Muhlenbau GmbH герман жеткізуші компаниясының күнбағыс (рапс) майын өндіру желісі сатылып алынып, орнатылған, оның құрамына май сығуға арналған пресс, құю станциясы, қаптау цехы, жабдықтау машинасы кіреді. Сонымен бірге, отандық лизингілік компанияның көмегімен шикізат тазалау мен тасымалдау жабдығы және ПЭТ-ыдысын үрлеу жабдығы жеткізілген. Ресми түрде ашылуына қарамастан, кәсіпорын өнімін өткен жылдың желтоқсан айынан бастап шығара бастаған. Бүгінгі таңда зауыт 100 тоннадан артық күнбағыс майын өндірді. «Қаржау» ШҚ Қостанай облысының Федоров ауданында орналасқан. Қызметінің дәстүрлі бағыты барлық аймақтағыдай – өсімдік шаруашылығы, астық өндіру. Мухамбетжан Каржауовичтің айтуынша, шаруашылық дара дақылдар өсіру тәжірибесінен ауытқып кету туралы шешім қабылдады, егіс айналымына май дақылдарын қосу жолымен кетті. Бүгінгі таңда шаруашылықтың егіс далаларында дәстүрлі бидай мен арпадан басқа, күнбағыс, рапс, зығыр өсіріледі. Шикізатты қайта өңдеу бойынша өндірісті ұйымдастыру – кәсіпорын қызметінің қисынды жалғасы. Шаруашылық басшысы айтқандай, бұл істе баға жетпес көмекті өте қолайлы талаптарда қажетті жабдық сатып алуға қаржыландырған, сондай-ақ, «айналымға» қаражат бөлген «ҚазАгроҚаржы» көрсетті. Шаруашылықтың күнбағыс майы Қостанай мен облыстан басқа, Астана мен Алматы қалаларына жеткізілетініне қарамастан, «Қаржау» ШҚ бағдарланбақ болып жоспарлаған негізгі экспорт бағыты – Ресей нарығы. «Лавра» сауда маркасымен шығатын өсімдік майы қазір көршілес Челябинск, Екатеринбург және Қорған облыстарына жеткізіледі. Акуловтың айтуы бойынша, Иран тарапымен келіссөздер жүргізілуде, ауған кәсіпкерлері отанында өткізу үшін майдың байқалатын партиясын сатып алды. 2000-2012 жыл арасында қызмет атқарып келе жатқан кезеңі ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 11,7 млрд. теңгеге әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарының шамамен 90 комплектісін сатып алуға қаржыландырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;