8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Астық-2012». Шаруалар үшін қол жетімді комбайндар

«Астық-2012». Шаруалар үшін қол жетімді  комбайндар 25.06.2012 Қазақстандық ірі жер иеленушілер 2012 жылдың егін жинау науқанына қарай астық жинайтын техникаларды оңайлатылған схема бойынша сатып алатын болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруалардың алдағы егін жинау науқанына қажетті комбайндарды сатып алу мүмкіндігін едәуір ұлғайтатын оңайлатылған қаржыландыру талаптарын бекітті. Компания «Астық-2012» деген атаумен жаңа лизингтік өнім ұсынып отыр, онда бірқатар шаралар көзделген, оның ішінде – аванстық төлем сомасын төмендету және шаруалар сатып алатын техника үшін төлемақылар бойынша мерзімін ұзарту. Бұл шаралар бірінші кезекте және көбінесе ұсақ шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған. Көпшілікке мәлім, әзірше өсімдік шаруашылығында маманданатын ауылдықтардың бәрінің де егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалық парк сатып алып, оны ұстауға мүмкіндіктері жоқ. Әңгіме маусымдық жұмыс қызған кезде барлық агротехникалық мерзімдерді бұзып, соның нәтижесінде кейде шығынға ұшырап, жалға алынатын техникаларды жұмылдыруға мәжбүр болатын кішігірім шаруа және фермер шаруашылықтары жөнінде болып отыр. «Астық-2012» бағдарламасы бойынша жаңа жеңілдікті талаптармен келесі шаралар көзделген: - лизинг затының (комбайнның) жалпы құнынан 10% көлемінде бірінші лизингтік (аванстық) төлем; - техниканы лизингке бірінші лизингтік төлем төленгенге дейін табыстау мүмкіндігі; - ағымдағы жылдың өнімі алынғанға дейін (қараша айына дейін, яғни шаруашылықтар жұмыстарын аяқтап, өсірген өнімдерін түгел жинап алған кезеңге дейін) бірінші лизингтік төлемді төлеу бойынша мерзімін ұзарту. Жаңа бағдарламаға сәйкес лизингке анағұрлым арзан және қызмет көрсетуде көп шығынды қажет етпейтін ресейлік және қазақстандық өндірістердің астық жинайтын техникалары - «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор» комбайндары ұсынылатын болады. Арзан бағасын ескере отырып (орта есеппен 10 млн. теңгеден басталады) аталмыш комбайндар сұраныспен қолданылады және жыл сайын ұсақ және орташа ауыл шаруашылығы құрылымдарымен сатылып алынады. Мысалға, «ҚазАгроҚаржы» жүргізген мониторинг деректеріне сәйкес, тек қана соңғы екі жыл ішінде ауылдықтар компаниядан 263 «Essil», 206 «Енисей» және 162 «Вектор» комбайндарын сатып алды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» өндірістік қуаттары 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кемінде 760 бірлік комбайн жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар жеткізушілермен және өндіруші зауыттармен келіссөздер жүргізді («АгромашХолдинг» АҚ, «Четра-Восток» ЖШҚ, «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ). 2000-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ республиканың АӨК-не 240 млрд. теңгеден астам қаржы инвестициялады. Осы уақыт ішінде лизингтік компания жалпы сомасы 167,7 млрд. теңгеге 20 мыңға жуық бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға қаржыландырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;