8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ОҚО-ғы Құс кешенінің экспорттық өнімі

ОҚО-ғы Құс кешенінің экспорттық өнімі 20.06.2012 Оңтүстік Қазақстан облысында күркетауық өсіру, оны сою мен етін қайта өңдеуге арналған Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялы құс кешені өндірісін ұлғайтып, шығаратын өнімінің қуатын жылына қазіргі 5 000 тоннадан 8 110 тоннаға дейін көбейтпекші. Қазір перспективалы жобаны әрі қарай дамыту мәселесі «ҚазАгро» ұлттық холдингтің құрылымына кіретін, еліміздің ауыл шаруашылығындағы инвестициялық бағыттардың негізгі қаржы операторы болып табылатын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да шешілу үстінде. Естеріңізге сала кетейік, күркетауық етін өндіретін қазіргі заман «ОрдабасыҚұс» ЖШС құс фабрикасы 2010 жылдың аяғына қарай іске қосылған болатын. Кешен ОҚО Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында орналасқан және республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі өнеркәсіптік негізде күркетауық өсіру бойынша алғашқы жоба болып табылады. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген және «ҚазАгроҚаржы» қаржылай қолдауымен іске асырылуда. Құс фабрикасының жалпы құны - 3 млрд. 622 млн. теңге, оның 3 млрд. 910 млн. теңгесі – отандық лизингілік компанияның желісі бойынша қаржыландырылған. Тек қана биылғы жылдың басынан бастап-ақ, кәсіпорын 2 000 тоннаға жуық ет өндірді. Күркетауық етін және оны терең қайта өңдеп өндірілген өнімдерді өткізумен ОҚО мен Шымкент қаласынан басқа, Алматы, Астана қалаларында және Қазақстанның басқа да қалаларында да айналысады. «ОрдабасыҚұс» ЖШС директоры Мұрат Тағаевтың айтуынша, қазіргі кезде құс фабрикасының өндіретін өнімнің 35 пайызға дейінгісі көршілес Ресейдің мәскеулік рыноктарына экспортталады. Бұл ретте, ресейлік серіктестер сатып алу көлемін барынша ұлғайтуға әзір екені жөнінде мәлімдейді, алайда «ОрдабасыҚұс» компаниясының басым міндеті – отандық рынокты күркетауық етімен қанықтыру. Кәсіпорын басшысы айтып кеткендей, етті солтүстік бағыттан басқа, Өзбекстанға, сондай-ақ, Ауғаныстандағы НАТО елдері контингентінің әскерилеріне жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Құс фабрикасында 320 маман жұмыс істейді. Өндірістің ұлғаюымен қатар тағы да 180 жұмыс орны құрылмақшы. Компанияның кешенді жоспарына сәйкес 2017 жылға дейін құс кешені өндірісінің қуатын 25 000 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырғанын айта кеткен дұрыс. Бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – меншікті өзінің жемшөп базасын құру. Бұл бағытта алғашқы қадам ендігі жасалған – өнімділігі жоғары жемшөп зауыты тұрғызылып, іске қосылған. «ҚазАгроҚаржы» сарапшылары айтқандай, құс шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының бір бөлігі ретінде аса тиімді және рентабельді салалардың бірі болып табылады. 2006 жылдан бастап, компания қазіргі заман өндірістердің құрылуына және қолданыстағы қуаттардың техникалық жағынан жаңғыртылуына ықпалын тигізе отырып, бұл бағытта белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» жалпы сомасы шамамен 18,8 млрд. теңгеге ет және жұмыртқа бағытындағы 17 құс фабрикасын қаржыландырды. Қазақстандық құс фабрикалар қазір отандық жұмыртқа нарығын толықтай қамтамасыз етеді, дегенмен, құс еті бөлігінде әлі де болса импортқа деген тәуелділік сақталған. Осыған байланысты, республикада құс етін өндіруге бағдарланған құс фабрикаларының желісін құруды көздейтін бағыттағы жобаларды қаржыландыру – «ҚазАгроҚаржы» қызметіндегі басымдықтардың бірі. Қазіргі кезде компания жалпы сомасы 18,0 млрд. теңгеге және жалпы жобалық өндіру қуаты жылына 61,460 мың тонна ет өнімдерін өндіретін құс фабрикаларын құру мен дамыту бойынша 8 жобаны мақұлдады. Мақұлданған жобалардың ішінде – Қостанай облысындағы жобалық қуаты жылына 1 882 тонна құс етін өндіретін «Жас Қанат» Бройлер құс фабрикасы» ЖШС құс фабрикасы, ШҚО-ғы қуаты жылына 10 000 тоннаға дейін ет өндіретін «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құс фабрикасы (фабриканың қуатын жылына 20 000 тоннаға дейін тұтас ұлғайту), Қарағанды облысындағы қуаты жылына 9 400 тоннаға дейін құс (бройлер) етін өндіретін «CapitalProjects LTD» ЖШС құс фабрикасы, Алматы облысындағы қуаты жылына 12 000 тонна ет өнімдерін өндіретін «Алатау-құс» ЖШС құс фабрикасы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, компания жемшөпке, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту мен оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады. Компания «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрамына енеді.

Вернуться к списку
;