8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Батыс Қазақстан облысының АӨК-гі жобалар

Батыс Қазақстан облысының АӨК-гі жобалар 14.06.2012 «Ресей кәсіпкерлерін ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алудағы Қазақстанның жеңілдікті мемлекеттік қолдау тәжірибесі қызықтырды». Бұл жөнінде Ресейдің көршілес орналасқан Орынбор облысының кәсіпкерлер делегациясының аймаққа жасаған сапарының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының БАҚ хабарлайды. Орал баспасөзі жазғандай, Орынбор бизнесмендеріне «6,5 пайызбен несие беретін «ҚазАгроҚаржы» қазақстандық лизингілік компаниясының қаржыландыру шарттары ұнап қалды, ал Ресейде болса, жеңілдікті несие 18 пайызбен беріледі». Осыған байланысты, Орынбор кәсіпорындарының бірі Оралда өз филиалын ашпақ ойы бар екені жөнінде айтылған (http://uralsk.info/novosti/uralsk/gorod-i-oblast/v-zapadno-kazahstanskoi-oblast-pobyvali-orenburgskie-predprinimateli.html). «ҚазАгроҚаржы» екі ел кәсіпкерлерінің дәстүрлі серіктес қарым-қатынастарын жан-жақты құптайды. Компанияда ортақ мүдделерін бір жерге біріктірген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің осы сияқты кездесулерінің мәні жай ғана тәжірибемен алмасудан әлдеқайда маңыздырақ деп санайды. Бұл ретте Орынбор кәсіпкерлерінің БҚО агрошаруашылықтары мен кәсіпорындарында болуы туралы жарияланымға қатысты қазақстандық лизингілік компания қаржыландыру талаптары жөніндегі ақпаратқа анықтаулар мен толықтырулар енгізу қажет деп санайды. Жылдық 6%-бен 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге «ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға қаржыландырмайды, объектілері Батыс Қазақстан облысында да бар инвестициялық жобаларды іске асыруды қаржыландырады. Бәріне мәлім, инвестициялық жобалар санатына компания республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, қазіргі заман көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің желілерін құруға байланысты жобаларды, сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясын енгізуге байланысты жобаларды да жатқызады. Бұдан басқа, инвестжобалар ретінде жемшөп өндірісі, мал бордақылау алаңдарын, етті қайта өңдеу кешендерін, асыл тұқымды шаруашылықтарды (репродукторларды) тұрғызу мен қайта құру, сондай-ақ, астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта өңдеу объектілері, астық қоймаларын, сойыс пункттерін тұрғызу және модернизациялауды қаржыландырылады. Ресей қонақтарының болған кәсіпорындарының бірі – «Батыскүнбағыс» АҚ өсімдік майын өндіру зауыты болды. Бұл қуаты жылына 7 400 тонна май өндіретін және жалпы құны 1,3 млрд. теңге тұратын перспективалы өндіріс 2008 жылы «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен жылдық 4%-бен республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған болатын. Бүгінгі күні жылдық 4% ставка бойынша және 9 жылға дейінгі мерзімге компания қазақстандық шаруашылықтарды асыл тұқымды етті мал сатып алуға қаржыландырады. Бұл бағыттағы жобаларды іске асыру жұмысы ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуды бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» екі қаржыландыру көздерін қолдана отырып, соған сәйкес әр түрлі ставка бойынша қаржыландырады. Жылдық ставкасы – 8%, 10 жылға дейінгі мерзімге - компанияның меншікті өз қаражаты есебінен. Жылдық 11 %-бен тартылған қаражаттардың валютасында индекстеле отырып, тартылған қаражаттар, яғни өзге (шетелдік және қазақстандық) қаржы құрылымдарынан қарызға алынған қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніне салынған инвестицияларға қатысты, «ҚазАгроҚаржы» 2000-2012 жылдар ішінде аймақтың шаруашылықтарын дамытуға 7 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсағанын хабарлайды. Отандық лизингілік компания облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін жалпы құны 4,3 млрд. астам теңгеге шамамен 1000 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға қаржыландырды. 2012 жылғы мақұлданған және қаржыландырылған жобалардың ішінде – 6 350 тонна ет өнімдерін өндіретін құс фабрикасын құру, облыстың Зеленов ауданында алаңы 45 га жерге тамшылатып суару технологиясын енгізу, Теректі ауданында 4 800 тонна өнімге арналған көкөніс қоймаларын тұрғызу және қолданыстағысын дамыту. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Басты мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарына деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау көрсету. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;