8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ZeroMax KZ» ЖШС жылыжайларға арналған жиынтықтаушы бөлшектер өндіру зауыты. (ҚР Парламент Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелерінің ОҚО-на 08.06.2012 Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы лизингісінің арқасында тұрғызылған бірқатар объектілерге Парламент Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитеттің өкілдері аймаққа жұмыс сапары барысында барып көрмекші. Өздеріңізге белгілі, бүгін Сенат Комитеті оның төрағасы Болат Жылқышиевтің бастауымен сапар барысында республиканың оңтүстік аумақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту мен тамшылатып суару технологиясын енгізуге байланысты мәселелер қарамақшы. Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың жазында іске қосылған Қазақстандағы алғашқы жылыжайларға арналған жиынтықтаушы бөлшектер өндіру зауыты аймақта 1000 астам өз жылыжайларын жасап шығарып, орнатты. Әңгіме құны 1,014 млрд. теңге тұратын «ZeroMax KZ» ЖШС жобасы жөнінде болып отыр, соған сәйкес Шымкентте бірінші кезең шеңберінде жылыжайларға арналған қалайымен қапталған құбырлар мен басқа да көмекші материалдар өндіру жұмысы жөнге салынған. Жоба осы өндіріске 300 млн. теңге қаржы салған «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауының арқасында іске асырылуда. 2012 жылы екінші кезең шеңберінде кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, арнаулы полиэтилен пленкаларын шығару жұмысын жөнге салуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде лизингілік компанияда жобаны әрі қарай қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. «ZeroMax KZ» ЖШС зауыты бүгінгі таңда шағын жылыжайларды (300 ш.м.) аймақтың шаруашылықтарынан басқа, Шымкенттің 12 орта оқу орнына орнатты, одан басқа, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысы бойынша Алматы облысының Іле ауданында қызанақ өсіруге арналған 16 шағын жылыжай орнатты. Ондағы отырғызылған көшеттер биылғы жылдың мамыр айында алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Толық жобалық қуатқа шыққан жағдайда, зауыт жеке үй жанындағы шаруашылыққа және фермер қожалықтарына арналған құрылмалардан бастап, өнеркәсіптік жылыжай кешендеріне дейін – барлық жылыжай түрлеріне қажетті жиынтықтаушы бөлшектер шығаруды жоспарлап отыр (бөлшектер атауы 100 жуық). Өндірісте «KS IndustryCo.,LTD» (Сеул, Оңт.Корея) компаниясының жабдығын пайдалана отырып, Оңтүстік Корея технологиясы қолданылады. Зауыттың өзінен басқа, жанында сыйымдылығы 6 200 тонналық көкөніс қоймасы (испандық және ресейлік өндірістердің жабдықтарын пайдалана отырып) және испан технологиясы бойынша 2,2 гектар алаңға жылыжай кешені тұрғызылып жатқанын айта кеткен жөн. «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Компания бұдан басқа жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын салу және модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуге байланысты жобаларды қаржыландырады.

Дата:  08.06.2012
Вернуться к списку
;