8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚР Парламент Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелерінің ОҚО-на аттанатын жұмыс сапарына қатысты ақпарат. 8.06.2012 ж

ҚР Парламент Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелерінің ОҚО-на аттанатын жұмыс сапарына қатысты ақпарат. 8.06.2012 ж 08.06.2012 Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы лизингісінің арқасында тұрғызылған бірқатар объектілерге Парламент Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитеттің өкілдері аймаққа жұмыс сапары барысында барып көрмекші. Өздеріңізге белгілі, бүгін Сенат Комитеті оның төрағасы Болат Жылқышиевтің бастауымен сапар барысында республиканың оңтүстік аумақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту мен тамшылатып суару технологиясын енгізуге байланысты мәселелер қарамақшы. «Керемет-Центр» ЖШС қазіргі заман жеміс-көкөніс қоймасын қаржыландыруға өтінім «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 2010 жылдың қазан айында келіп түсті. 2011 жылдың қазан айында жоба іске қосылған. «Керемет-Центр» ЖШС мамандарының айтуынша, Шымкент қ. шегінде салынған жаңа көкөніс қоймасының бүгінгі таңда Қазақстанда аналогы жоқ. Ғимараттың құрылысы мен ондағы орнатылған жоғары технологиялы жабдық жергілікті жерде өсірілген көкөністермен және жемістермен қатар, шеттен әкелінген экзотикалық өнімдерді де жыл бойы сақтауға мүмкіндік береді. Перспективалы жобаға «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде 640 млн. астам теңге инвестициялады. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» көкөніс қоймасына 3 мың тонна пияз бен 1 мың тонна алма сатып алу үшін қаражат бөлді. Сонымен бірге, лизингтік компанияның желісі бойынша «Керемет-Центр» ЖШС 10 «Man» автомашинасын және 10 «Schmitz» жартылай тіркемелерін сатып алды. Осыншама сан техника сатып алу бойынша қосымша қаржыландыру туралы мәселе шешілу үстінде. 550 млн. теңгеден астам сомаға «ҚазАгроҚаржы» алаңы 5 га жылыжай кешенін тұрғызуға «Аделя» ШҚ ЖК қаржыландырды. Бүгінгі таңда жылыжай кешені іске қосылған. Жылдың басынан бастап, шаруашылықтың жылыжайшылары 350 тоннадан артық қияр жинады. Қазір «Аделя» ШҚ алаңы 11 га жылыжай кешенін тұрғызуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қосымша өтінім тапсырды. Жоба лизингтік компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қарауында жатыр. Отандық лизингтік компанияның Оңтүстік Қазақстан облысының АӨК жалпы қаржыландыру көлемі 14,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте 3,5 млрд. теңгеге жуығы ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңартуға жұмсалған. «ҚазАгроҚаржы» компаниясынан алынған қаржы лизингісінің көмегімен облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін 700 бірлік әр түрлі техника сатып алды. Сонымен бірге қазіргі кезде ОҚО шаруашылықтары қаржыландырылуы «ҚазАгроҚаржы» желісі арқылы жүзеге асырылған 25 ірі жобаны іске асырған немесе іске асыру үстінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Компания бұдан басқа жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын салу және модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуге байланысты жобаларды қаржыландырады.

Вернуться к списку
;