8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» және Канаданың аграрлық бизнесі.

«ҚазАгроҚаржы» және Канаданың аграрлық бизнесі.                           24.05.2012 V Астаналық Экономикалық форум барысында өтетін іс-шаралардың бірі - Канаданың қаржы министрі Тед Мензистің Қазақстан экономикасының аграрлық секторының мүддесін білдіретін мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың басшыларымен кездесуі болды. Бұл кездесудің өтуі жай емес, өйткені Канада тарапы республикамыздың аграрлық секторында болып жатқан үрдістермен таныс және айтылып кеткендей, олар ең перспективалы жобаларды іске асыруға қатысуға мүдделі. «ҚазАгроҚаржы» - канадалық кәсіпорындармен және бизнес-құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан Қазақстанның аграрлық саласындағы негізгі қаржы институттарының бірі. Қазақстандық жетекші лизингтік компания 2004 жылдан бері өнімдері аграрлық секторға бағдарланған Канаданың негізгі өндірушілерімен және жеткізушілерімен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Мензис мырза айтып кеткендей, канадалық компаниялар Қазақстанда, атап айтқанда, «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізуге байланысты бағыттарда нәтижелі жұмыс істейді. Алайда, министрдің пікірі бойынша, бүгінгі таңда канадалық инвесторлардың қатысуымен тепе-теңдік негізде басқа да бірлескен жобаларды іске асыруға барлық мүмкіндіктер бар. Канада бизнесі етті мал шаруашылығы, бірлескен құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, астықты терең қайта өңдеу технологиясы, ірі тауарлы-сүт фермаларын құру, жемшөп өндірісін дамыту және т.б. сияқты бағыттардағы (яғни бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» инвестициялық жобаларды қаржыландыратын бағыттарда) озық технологиялармен бөлісуге әзір. «ҚазАгроҚаржы» қазіргі кезде BuhlerIndustries, MorrisIndustries, MacDonIndustries, AltaExportsInternational, CanAgroExports, XportsInternational, FriesvaleFarmsInternational сияқты Канаданың ірі жеткізушілерімен және өндірушілерімен ойдағыдай жұмыс істейді. Жалпы алғанда, қазақстандық лизингтік компания канадалық серіктестерден сомасы 10,2 млрд. теңгеге 400 бірлік ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалары сатылып алды. Барлық сатылып алынған техника отандық жер иеленушілерге лизингке табысталды. Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» үйеңкі жапырағы елінің асыл тұқымды шаруашылықтарынан өзінің лизинг алушыларының өтінімдеріне бағдарлана отырып, жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге ет және сүт бағытындағы 4000 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. Айтылып кеткендей, «ҚазАгроҚаржы», егер бұл отандық ауыл шаруашылығының игілігі үшін қажет болса, ынтымақтастық өрісін кеңейтуге әзір. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;