8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

VАстаналық экономикалық форумда АӨК-гі инвестжобалар жөнінде

VАстаналық экономикалық форумда АӨК-гі инвестжобалар жөнінде 22.05.2012 Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» республика экономикасының аграрлық секторында жалпы сомасы 52,8 млрд. теңгеге 71 инвестициялық жобаны мақұлдады. Бұл жөнінде қазір Астанада өтіп жатқан VАстаналық экономикалық форум шеңберінде журналистерге берген сұхбатында компанияның басқарма төрағасы Малелов Нұрлыбек мәлімдеді. Мақұлданған өтінімдердің ішінен қазіргі кезде 34,3 млрд. теңгеге 54 жоба қаржыландырылған. Шамамен 30 объект ендігі іске қосылған. Көпшілікке мәлім, компания 2009 жылдан бастап Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, қазіргі заман көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің желілерін құруға, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізуге байланысты перспективалық жобаларды белсенді түрде қаржыландырып келеді. 2011 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде жаңа перспективалық бағыттарды қаржыландыруға кірісті. Әңгіме республикада мал бордақылау алаңдарының, ет өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының (репродукторлардың) желілерін салу және оларды қайта тұрғызу, қазақстандық бидай экспортының және оны тереңдетіп өңдеу инфрақұрылымын дамыту, бидай қоймаларын салу және модернизациялау, сонымен қатар мал сою пукнттерінің желісін құру және жұқа жүн өндіру мен өңдеуді дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде болып отыр. Сөйтіп, «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» Басқармасының шешімімен «ҚазАгроҚаржы» отандық лизингілік компаниясы жалпы алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық жобаның операторы болып отыр. Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан аса ірі жобалардың ішінде – өндірістік қуаты жылына 3500-4000 тоннаға жуық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін алаңы 5,1 га жылыжай кешенін құру («GreenLandAlatau» ЖШС (Алматы облысы), сүт өнімділігін 3 800-ден 5 900 тоннаға дейін ұлғайта отырып, 1 250 бас малға арналған тауарлы-сүт фермасын құру («Сарыағаш» ЖШС (Қостанай облысы), жылына 9 400 тоннаға дейін құс етін өндіретін құс фабрикасын құру («CapitalProjects LTD» ЖШС (Қарағанды облысы), 2 500 бас аналық ІҚМ арналған асыл тұқымды репродуктор-шаруашылығын құру («МТС Жайма» ЖШС (Павлодар облысы). «ҚазАгроҚаржы» «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар үшін «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша 6000 артық асыл тұқымды етті ІҚМ әкелінді. Өткен жылдан бастап, «ҚазАгроҚаржы» «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын іске асыру ісінің операторы болды. Қазір қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар үшін «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша 6000 бас асыл тұқымды ІҚМ әкелінді. Малелов Нұрлыбектің айтуы бойынша, «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша іске асырылатын жобалар Елбасының алға қойған негізгі стратегиялық міндеттерді – импортқа тәуелділікті төмендету, республиканың аграрлық секторының экспорттық әлеуетін дамыту бойынша міндеттерді шешуге ықпалын тигізетін болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамына енеді.

Вернуться к списку
;