8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» Қазақстанның оңтүстік аймағына салған инвестициялары  (25.05.2012 ж. ҚР Президентінің қатысуымен Тараз қаласында оңтүстік аймақтарды дамыту ж 25.05.2012 2000-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» оңтүстік аймақтың үш облысының агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 30 млрд. теңге инвестициялады. Әңгіме Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығындағы әр түрлі жобаларды қаржыландыру мен қолдау жөнінде болып отыр. Отандық лизингтік компанияның Оңтүстік Қазақстан облысының АӨК жалпы қаржыландыру көлемі 14,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте 3,5 млрд. теңгеге жуығы ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңартуға жұмсалған. «ҚазАгроҚаржы» компаниясынан алынған қаржы лизингісінің көмегімен облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін 700 бірлік әр түрлі техника сатып алды. Сонымен бірге қазіргі кезде ОҚО шаруашылықтары қаржыландырылуы «ҚазАгроҚаржы» желісі арқылы жүзеге асырылған 25 ірі жобаны іске асырған немесе іске асыру үстінде, соның ішінде – күркетауық етін өндіру бойынша «Ордабасы Құс» ЖШС қолданыстағы құс фабрикасы, «Керемет-Центр» ЖШС жеміс-көкөніс қоймасы, «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС 500 бас ІҚМ арналған репродуктор-шаруашылығы. Іске қосылуы биылғы және келесі жылдарға жоспарланған объектілердің қрылысы жүріп жатыр. Солардың ішінде - жылыжай кешендері, көкөніс қоймалары, мал шаруашылығындағы, макарон өндірісіндегі жобалар, астық қоймалары мен ұн тарту диірменіне арналған жабдықтар жеткізу. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өндірісіне «ҚазАгроҚаржы» шамамен 10 млрд. теңге қаржы инвестициялады. Лизингтік компания желісі бойынша облыс шаруашылықтары аймақтың күріш өсірушілеріне қажетті мелиорация техникаларын бірге қосқанда, 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар сатып алды. Іске асырылған аса ірі жобалар сүтті мал шаруашылығы мен күрішті қайта өңдеуге байланысты. 3 млрд. теңгеден артық қаржыны Жамбыл облысының АӨК-не инвестициялады. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында аймақ шаруашылықтары мен агроқұрылымдары жалпы құны 1 785 млн. теңгеге 445 бірлік техника сатып алды. Іске асырылған жобалар етті, астықты қайта өңдеуге байланысты. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келіп түскен 1000 бас ІҚМ арналған асыл тұқымды шаруашылық құру және 3000 тонна құс етін өндіретін құс шаруашылығы кешенін тұрғызу бойынша өтінімдерді қарап жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Дата:  25.05.2012
Вернуться к списку
;