8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

СҚО арналған егіс кешендері

СҚО арналған егіс кешендері 17.05.2012 Қазақстандық ғаламтор-порталдарының бірінің бетінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ сылбырлығынан СҚО 14 егіс кешенін ала алмады» тақырыбымен хабар шықты. Осы ақпаратқа байланысты, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарына егіс кешендерін жеткізуге қатысты істің нақты жағдайына түсініктеме беру қажет деп санайды. Жылдың басынан бастап, облыстың жер иеленушілеріне «ҚазАгроҚаржы» 16 егіс кешенін табыстады. Тағы да 8 кешен кеден тазартпасынан өткен, құрастырылған, олар Петропавлда тұр. Бүгін-ертең олар шаруашылықтарға жеткізіліп, биылғы жылдың егіс науқанында қолданылатын болады. Облыс шаруашылықтарының бірінен егіс кешенін сатып алуға келіп түскен тағы да бір мақұлданған өтінім бар. Алайда бұл техника келесі жылдың жұмыстарына деген есеппен сатылып алынбақшы. Жалпы, 2012 жылдың басынан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша 3 млрд. теңгеге жуық сомаға шамамен 170 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Жалпылай алғанда, 2000-2012 жылдар аралығында отандық лизингілік компания Солтүстік Қазақстан облысына 36 млрд. теңгеден астам қаржы инвестициялады. Осы уақыт ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің негізгі астық егетін аймақтарының бірі СҚО жер иеленушілерін қаржыландыруы арқасында 140 егіс кешені, 700 жуық трактор мен 1260 комбайн сатылып алынды. Егіс кешені топырақты егіс алдында, егіс кезінде және егістен кейін өңдеуге арналған. Бір өткенде егіс кешені егіс науқанына байланысты жұмыстардың бәрін орындайды, оған дәнді дақылдар мен минералдық тыңайтқыштарды бір уақытта себу жатады. Егіс кешендерін пайдалану шығын деңгейін едәуір төмендетеді, сөйтіп, өндіріс рентабелділігін арттырады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;