8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандық фермаларға арналған асыл тұқымды мал

Қазақстандық фермаларға арналған асыл тұқымды мал 17.04.2012 Қазір шетелдің асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алып жатқан қазақстандық шаруашылықтарға республикадағы ет нарығына ықпалын тигізе бастау үшін екі-үш жыл қажет. Жарты жыл бұрын әкелінген малдардан мезеттік нәтижелердің болмауына ауыл шаруашылығынан мүлде алшақ жатқан адамдар ғана қынжылуы мүмкін, - дейді Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында орналасқан «Ақсанат инжиниринг» ЖШС мал шаруашылығы фермасында. Өткен жылдың қараша айында шаруашылық Автралиядан герефорд және ангус тұқымдарының 439 малын (425 құнажын және 14 бұқа) сатып алды. Жоба асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) құру бағдарламасы шеңберінде өнімділігі жоғары мал сатып алуға 300 млн. қаржы бөлген «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы лизингісі негізінде жүзеге асырылуда. Жасыл континенттен әкелінген құнажындар мен бұқалар бейімдендіру кезеңін аяқтап, бүгінгі таңда олардан алғашқы төл де алынды. Бұзаулау кезеңі сәуір айының соңына дейін созылады. Фермада өте қатаң рұқсатнамалық тәртіптеме орнаған – карантин шаралары асыл тұқымды мал үйірін бөтен адамдардан ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ малдардан да сақтайды. Аумағында тәртіптен басқа артық ештеңе де жоқ. Шаруашылықтың Австралияға мал әкелуге барған мамандары бұл жөнінде Түлкібас фермасының өзінің шетелдік бауырластарынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ дейді. «Ақсанат инжиниринг» ЖШС коммерциялық директоры Бауыржан Қожабергенов жоспарларымен қуана-қуана бөліседі және өз шаруашылығын мысалға ала отырып, отандық мал шаруашылығы саласын дамытуға салынатын күштен нақты қайтарымға қатысты өз болжамын жасайды. Асыл тұқымды мал сатып алған кез келген шаруашылық алғашқы жылы меншікті өзінің ұдайы өндірісі есебінен тек қана мал үйрін көбейтумен айналысады, дейді Қожабергенов. Мысалы, «Аксанат инжиниринг» фермасында негізгі мал үйірін 900-1000 басқа дейін жеткізу жоспарлануда. Тек 2-3-ші жылға қарай негізгі үйірден алынған төл сатуға түседі немесе аукционнан басқа шаруашылықтардың малдарының геноқорын жақсартуға жіберіледі. Осы кезеңге (3 жылға дейін) «ҚазАгроҚаржы» АҚ негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдіктер береді. Ферма маманының пікірі бойынша, «ҚазАгроҚаржы» қатысуымен іске асырылатын ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы мен оның талаптары – елімізді етпен қамтамасыз ету үшін ең қажетті нәрсе. Жуыр арада көптеген шаруалар бақылаушылар қатарынан жобаларының іске асырушылар санатына ауысатын болады, бұл жағдай ет өнімдері нарығында және олардың бағаларында оң жағынан көрініс алатыны сөзсіз. Қаржыландыруға отандық лизингілік компанияға келіп түсетін өтінімдер шаруашылықтың коммерциялық директорының сөздерін растайды. Бәріне мәлім, мал шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды «ҚазАгроҚаржы» 2011 жылы қаржыландыра бастаған. Егер өткен жыл ішінде компания 19 жобаны (5 мың бас ІҚМ әкелумен) мақұлдаса, ал 2012 жылы «ҚазАгроҚаржы» «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде 12 000 бас шетелдік селекцияның ірі қара малдарын сатып алуды қаржыландырмақ жоспары бар. «ҚазАгроҚаржы» компаниясы жобаларды шетелдік малдарды әкеле отырып, қаржыландыруды республикалық бюджет қаражаттары есебінен, жылдық 4 пайызбен 9 жылға дейінгі мерзімге және 3 жылға дейін негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең талаптарында жүзеге асырады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру, сонымен қатар қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға байланысты ҚР АӨК-дегі инвестициялық жобаларды қаржыландырады.

Вернуться к списку
;