8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандағы асыл тұқымды малдың бірінші аукционы

Қазақстандағы асыл тұқымды малдың бірінші аукционы 23.04.2012 - Осы сауда-саттықтың мақсаты өсірген асыл тұқымды малды сату ғана емес, бастысы – біздің мал шаруашылығын дамыту бойынша жалпы күшіміз нақты нәтижелер бере бастағанын бәріне көрсету, - дейді "KazBeef Ltd" ЖШС (КазБиф) асыл тұқымды шаруашылықтың директоры Бейбіт Ерубаев. Қазақстанда республиканың тарихында алғаш рет Ангус және Герефорд тұқымды етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды төлдерін сату бойынша аукцион өткізіледі. Елдің барлық аймақтарының мал шаруашылығы өкілдері шақырылған сауда-саттық осы жылдың 28 сәуір күні Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Мамай ауылында өткізіледі. "KazBeef Ltd" ЖШС асыл тұқымды шаруашылық құруы Қазақстанда ірі қара малдың етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі қазіргі мемлекеттік бағдарламаның ең бірінші тәжірибесі болып табылады. Жоба «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржыландыруы және қолдауымен іске асырылады. 2010 жылы республикада асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) желісін құруды көздеген инвестициялық бағыттарды ұлттық холдинг бекіткеннен кейін Солтүстік Дакота штатынан (АҚШ) Ангус және Герефорд тұқымды 1327 сиыр және 20 бұқа сатып алынды. Асыл тұқымды малдар Мамай ауылындағы "KazBeef Ltd" ЖШС фермасына орналастырылды, ол Астанадан шамамен 260 шақырым аумақта орналасқан. Ерубаевтың айтуы бойынша өндіріс процессінде инновациялық технологиялар мен америкалық әріптестердің тәжірибесі пайдаланылады – малды күтіп баптау мен техникалық жарақтандырудан бастап тиімді менеджмент пен малды өсірудегі іскерлік әдістер бойынша дағдыға дейін. Бүгінде компанияның екі шаруашылық-репродукторларында 2000 бас асыл тұқымды мал басы өсіріледі. Жергілікті және америкалық мамандар фермада Қазақстанда туылған және жергілікті климатқа үйренген 1200 қашарлар мен өгізшелерді бағып өсіреді. "KazBeef Ltd" ЖШС Америкалық Ангус қауымдастығы мен Америкалық Герефорд қауымдастығының, сондай-ақ Қазақстандық Ангус қауымдастығы және Қазақстандық Герефорд қауымдастығының мүшесі болып табылады. Барлық алып келінген бұқалар мен қашарлар асыл тұқымдық сертификаттарға ие және асыл тұқымды ірі қара малды есепке алу бойынша халықаралық (америкалық) базаға енгізілген. Алда болатын аукцион өз кезегінде - барлық кәсіпорындардың қызметінің аралықтағы қорытындысы. Етті мал шаруашылығы саласын дамыту, ал сонымен қатар етті малдың генетикалық әлеуетін, оның өнімділік сапасын жақсарту - холдингтің бүгінгі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – дейді «ҚазАгро» ұлттық холдингінің Басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев. «ҚазАгро» холдингінің бірінші басшысының айтуы бойынша, өткен жылы республиканың шаруашылықтары мен ауылшаруашылық құрылымдарына барлығы 13 488 бас асыл тұқымды мал алып келінді, оның 9 850 басы – ұлттық холдингтің құрылымындағы компаниялардың қолдауы мен қаржыландыруымен сатып алынған. Сәуір айының басындағы мәліметтер бойынша «КазАгро» оттандық мал шаруашылығымен айналысушылардың 9 мыңнан астам таза тұқымды ІҚМ басының импорты бойынша өтінімдерін мақұлдады. Мал басының бір бөлігі сатып алынып және шаруашылықтарға берілді. Мысалы: 300 бас мал "Острогорский ЖШС, 217 бас - «Камышенка» ЖШС, 476 - «Бастау» ЖШС үшін (Ақмола облысы), 199 бас «Мамбетов и К» КС (Солтүстік-Қазақстан облысы), 83 – «Данекер» ЖШС және 170 голов - «МТС Жайма» ЖШС үшін (Павлодар облысы). 28 сәуірдегі аукционға отандық фермерлер мен ҚР АШМ, «ҚазАгро» холдингінің өкілдерінен басқа АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі, АҚШ АШМ өкілдері, жеткізуші – «Global Beef» америкалық компанияның, сондай-ақ – ветеринариялық компаниялар - «Alua Pharma» ЖШС, «АлемВет» ЖШС өкілдері шақырылды. АНЫҚТАМА: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі +7 7172 705 639 www.kazagro.kz

Вернуться к списку
;