8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2012 жылдың егіс науқанына дайындық

2012 жылдың егіс науқанына дайындық 16.03.2012 2012 жылдың егіс науқанына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» жеткізушілерден АҚШ, Германия, Канада өндірістерінің өнімділігі жоғары 70 егіс кешенін сатып алмақшы. Жалпы құны 4 млрд. теңге тұратын техника лизингке мүдделі қазақстандық агроқұрылымдарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін табысталатын болады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастапқы болжамы бойынша биылғы жылы республиканың егіс алаңдарының көлемі 21,2 млн. гектар. Жаздық егіс 18,5 млн. гектар жерге себілмекші. Соның ішінде дәнді дақылдар - 16,3 млн. гектар жерге, оның шамамен 13,5 млн. га бидайға бөлініп беріледі. Биылғы жылы бидай-жемшөп дақылдары үшін егістік жерлердің алаңы ұлғайтылады деп жоспарлануда. Егіс кешендерін сатып алудан басқа, «ҚазАгроҚаржы» Украина өндірісінің сепкіштерін сатып алуға шарт бекітті. Бұл ретте лизингілік компания қазақстандық машина жасаушыларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, бұл басым бағыт. Жылдың басынан бастап, компания мен отандық тауар өндірушілер арасында жалпы құны 667 млн. теңгеге 180 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға келісім әрекет етуде. «ҚазАгроҚаржы» біздің кәсіпорындардан тракторлар, тиегіштер, тіркемелер, пішен тайлаушылар, КУНдар, тиегіш-маялағыштар, топырақ өңдейтін әр түрлі жабдықтар сатып алады. Компаниямен бірге қызмет істеп келе жатқан ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін ірі зауыттардың ішіндегісі СемАЗ. Айта кету керек, бұл кәсіпорынның құрылысын «ҚазАгроҚаржы» 2009 жылы «Ауыл шаруашылығы техникаларының құрастыру өндірісін ұйымдастыру» бағытында инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде қаржыландырған болатын. Осы уақыт ішінде лизингілік компания Семей машина жасаушыларынан 1300 «Беларус» тракторларын сатып алып, республиканың шаруаларына табыстады. Қазақстандық картоп өсірушілердің мүддесінде биылғы жылы «ҚазАгроҚаржы» жалпы құны 2 млн. евро сомасына картоп өндіруге арналған әр түрлі 52 бірлік техника сатып алуға келісім бекітті. Техникалар негізінен Голландия мен Германия өндірушілерінен жеткізіледі. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдық өндірушілерімен және жеткізушілерімен келісім-шартар бекіту бойынша жұмыстар, сонымен қатар өздерінің технопаркін жаңартуға және толықтыруға шаруашылықтардан өтінімдер қабылдау жұмысы әлі де болса жүріп жатыр. Астық жинайтын 200 комбайн сатып алуға Ресейдің Ростсельмашем компаниясымен шарт бекітілді және астық және күріш жинайтын 100 бірлік «Енисей» техникасын сатып алу туралы уағдаластыққа қол жетті. Жалпы, 2000 жылдан бастап, 2011 жылдың соңына дейін «ҚазАгроҚаржы» 157,7 млрд. теңгеден астам қаржыға 18,6 мың бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылықтарына табыстады. Соның ішінде 700 астам егіс кешендері, 1300 тұқым сепкіштер мен 5 000 жуық тракторлар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Басты мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарына деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау көрсету. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;