8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» «Комсомольская құс фабрикасындағы» жағдай жөнінде

«ҚазАгроҚаржы»  «Комсомольская құс фабрикасындағы»  жағдай жөнінде 01.03.2012 «ҚазАгроҚаржы» «Комсомольская құс фабрикасындағы» жағдай жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Комсомольская құс фабрикасына» кәсіпорынның қаржы қызметін бақылауға алып, ағымдағы өндірістік мәселелерін шешетін өзінің атқарушы директорын тағайындамақшы. 2012 жылы Қостанай облысындағы құс фабрикасы өзінің алғашқы өнімін шығармақ болып жоспарлап отыр. «Комсомольская құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы оқиға кейінгі күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың тақырыбы болып отыр, соған байланысты «ҚазАгроҚаржы» құс кешеніне байланысты істің шын жағдайына қатысты түсініктеме береді. Бәріне мәлім, «Комсомольская құс фабрикасы» акционерлік қоғамының құс фабрикасын модернизациялау жобасы жылына 12 мың тоннаға дейін құс (бройлер) етін шығаратын өндірістің ұйымдастырылуын көздейді. Жобаның жалпы құны – 3,3 млрд. теңге тұрады. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының салған инвестициясы 2,7 млрд. теңге. Жобаны іске асыру шеңберінде құс қораларын қайта тұрғызу, құс ұстау, сою, қайта өңдеу жабдықтарын, сонымен қатар инкубаторға, құрама жем зауытына тоңазытқыш жабдығын сатып алу бойынша жұмыстар көзделген. Ет өнімдерін өндіруден басқа, 100 астам жұмыс орындарын құруды көздейтін перспективалы жобаға қолдау жасауды «ҚазАгроҚаржы» несиелендіру (құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүргізуге) және лизинг (қажетті жабдық сатып алуға) сияқты екі қаржы құралдары арқылы жүзеге асырады. Мұндай жобаларды қаржыландыру ережесі міндетті ортақ қаржыландыруды, яғни кәсіпкер тарапынан жалпы соманың 15 пайызынан кем емес көлемінде өз ақшасынан төленуін көздейді. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаражатына ескі жабдық сатып алынды деген пайымдама шындыққа сәйкес келмейді. «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша лизингке герман жеткізушісі - Lorenz Trading фирмасынан және Farmer Automatic (Германия), Schmidt-Seeger GmbH (Германия), EMF Lebensmitteltechnik - Anlagenbau GmbH (Германия), EMKA (Бельгия) компанияларымен өндірілген ең жаңа технологиялық жабдық сатылып алынған. Бүкіл жабдықтарға тиісті сертификаттар бар. Айта кеткен жөн, құс қораларға орнатылған жабдықтардың бөлігі шынында да жаңа емес. Алайда, ол бұдан бұрын және құс фабрикасы иесінің меншікті қаражаты есебінен сатылып алынған. Қазақстанның құс шаруашылығы одағының президенті Руслан Шариповтың айтуынша, бұрын пайдаланылған жабдықтарды қолдану тәжірибесін соңғы он жыл ішінде репсубликаның көптеген құс өсірушілері қолданады. Модернизацияланған құс фабрикасы өнімін 2011 жылдың маусым айының аяғынан бастап шығара бастайтын болып жоспарлаған. Алайда іске қосу мерзімі мейлінше кейінге шегерілген болатын. «ҚазАгроҚаржы» жасаған ескертуге кәсіпорын басшысы Генрих Богдевич мұның себебі газбен-сумен жабдықтау, инженерлік желілерді өткізу сияқты бірқатар проблемалардың шешілу барысының созылып кетуіне байланысты деп ақталып отыр. «ҚазАгроҚаржы» қызметінің негізгі мақсаты еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жобалар жұмыс істеп, елге қажетті өнім шығарып, аймақтардағы маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу болып табылады. Сондықтан жобаның перспективалылығын көріп, «ҚазАгроҚаржы» кәсіпорынға 2012 жылдың маусымына дейін негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін ұзартып, қолдау көрсетті. Енді «құстарға арналған концлагерлер» туралы мәселеге қатысты… Дүниежүжілік құс шаруашылығында құс ұстаудың екі әдісі қолданылады – клеткалы және еден үсті. Көп жылдар бойы шаруашылықтар жағдайға қарай бір әдісті екіншісімен алмастырып келеді немесе құрамдастырылған тәсілді қолданады. Бұл жүйе бұрынғы советтік Қазақстанда жұмыс істеген, қазір де жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта республикада ҚР АШМ деректері бойынша 56 құс фабрикасы бар. Оның 14-і құс етін шығаруға, 42-сі жұмыртқа шығаруға бағдарланған. Екеуінде де клеткалы құс ұстау әдісі басымырақ қолданылады. Мал шаруашылығы саласында құс шаруашылығы анағұрлым табысты да перспективалы бағыт деп санайтын «ҚазАгроҚаржы» сарапшыларының пікірін қоя тұрып, тікелей өндіріс қатысушыларының пікіріне құлақ салған жөн. Өндірушілер де, жеткізушілер де, қоғамдық ұйымдар да, барлығы да құс шаруашылығындағы құстарды еден үстінде ұстау әдісіне көшіруге бағытталған жаңа ағымдармен таныс. Көпшіліктің ойынша, бастама АҚШ-ғы және Еуроодақтағы «жасыл» партиялардан шығып отыр. Шынында да, игілікті бастама тауықтарды стресстен және ықтимал жарақаттанудан қорғап, еркін кеңістік беруге бағытталған. Бұл бастама шектеу ретінде 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Құс шаруашылығына арналған жабдықтар жеткізу бойынша әлемдік нарықтағы лидер, Big Dutchman герман компаниясының өкілі Евгения Потибенконың айтуынша, Еуроодақ елдеріндегі салынған тыйымдарға қарамастан, клеткалы жабдық бүкіл дүние жүзінде белсенді түрде қолданылып келеді. Ең ірі де белсенді дамыған нарықтардың қатарында – Ресей. Ресейдің «Свердловский» асыл тұқымды құс шаруашылығы зауытының бас директоры Алексей Грачёв еден үсті әдіске қарағанда, көп ярусты клеткалы жабдық өндіріс қуатын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді дейді. Мысалы, құсты еден үстінде ұстаған жағдайда, кешеннің бір шаршы метрінен шамамен 26 мың тонна ет өндіріледі, ал клеткада ұстағанда - 70 мың тоннадан астам өндіріледі. Шаруашылық басшысы айтқандай, әлемдегі еттің тұтынылу деңгейі соңғы он жылдықта бір жарым есе артты. Ресейдегі құс өндірісінің белсенді түрде дамуы елге шетелдік құс сан етін әкелуге квотаны 3 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Грачёвтің айтуынша, таяу болашақта Ресей құс етінің импортынан толығымен бас тарта алады. Бұл ретте «Свердловский» АҚЗ бас директоры Ресей елі Қазақстандағы құс шаруашылығының даму барысына зер салып, қадағалап отырады және кейінгі жылдардағы көрші елдегі құс өсірушілердің даусыз жетістіктеріне олар шын құрметпен қарайды дейді. Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шарипов тауық ұстау мәселелерінде бір мағыналы пікірін айтты. Күндердің күнінде бүкіл қазақстандық құс фабрикалары құсты еден үстінде ұстауға көшетін болады. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл мүмкін емес, өйткені республика өзін құс етімен небары 46 пайызға ғана қамтамасыз етеді. Қажетті нормасы 220-230 мың тонна болғанда, отандық құс өсірушілер бүгінгі таңда 105-110 мың тонна өндіре алады. Өткен жылы елімізге құс етінің импортына бөлінген квота көлемі 110 мың тоннаны құрады. Қазір Қазақстанда Ресейдегідей өнеркәсіптік құс шаруашылығы жағдайында қандай да болсын бір жабдықты пайдалануға тыйым салынбайды. «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;