8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2012 жылы қазіргі заман 6 жылыжай кешені тұрғызылатын болады

2012 жылы  қазіргі заман 6 жылыжай кешені тұрғызылатын болады 18.02.2012 2012 жылы қазіргі заман 6 жылыжай кешені тұрғызылатын болады 2012 жылы Қазақстанда құрылысы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша жүзеге асырылатын 6 ірі жылыжай кешені іске асырылмақшы болып жоспарланып отыр. Жобалар екі қаржы институттары арқылы іске асырылады, ол – лизинг және несиелендіру. Бұл жылыжайлардың бәрі де Голландияда, Испанияда, Түркияда, Ресей мен Израильде қолданылатын технологиялар бойынша тұрғызылып жатыр. Салынып жатқан жылыжайлардың ішіндегі ең ірісі Алматы облысының Қапшағай қаласында орналасқан. «Green Land Alatay» ЖШС кешені алаңы 5,1 га жерді алып жатыр, оны голландтық Dalsem фирмасы тұрғызуда. Қуаты жылына 3,8 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін өндіретін жобаға «ҚазАгроҚаржы» шамамен 2 млрд. теңге қаржы инвестициялайды. Биылғы жылдың жазында жылыжай іске қосылып, жыл бойы 1000 тоннадан астам қызанақ, 2000 тонна қияр және бір тоннаға жуық салат өсірілетін болады деп күтілуде. Тұрғызылатын жылыжайлардың ішінде алғашқы өнімді Астана қаласындағы алаңы 3 га кешен береді деп күтілуде. Қазір Израиль мамандары жұмыс істеп жатқан «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС объектісінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта қызанақ пен қиярдың көшеттері отырғызылып жатыр, шаруашылықтың директоры Жеңіс Досмағанбетовтың айтуынша, өнімі осы көктемнің соңына қарай жиналмақшы. Қуаты жылына 1 950 тоннаға дейін өнім беретін жылыжайды «ҚазАгроҚаржы» 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырды. Астаналық аймақ үшін маңызды жобаны іске асыруға Астана Әкімдігі көмектесті, Жол картасы шеңберінде объектіге жылу, электр қуаты, су және канализация желілерін өткізді. Мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысында 2 қазіргі заман жылыжай іске қосылмақшы. Оның бірі – алаңы 2 гектар, қуаты жылына 680 тонна көкөніс өндіретін «Онти» ЖШС жылыжайын «ELIF MAKINA MOBİLYA GIDA KIRTASIYE SAN. DIS TIC. LTD» түрік компаниясы тұрғызып жатыр. Оған отандық лизингілік компания 240,9 млн. теңге инвестициялады. «СЗЦ Асар KZ» ЖШС тиесілі алаңы 2,2 гектар екінші кешенді испан технологиясы бойынша COINSA, S.L фирмасы салып жатыр. Ол 350 тонна қызанақ пен 5 млн. дана көшет өндіруге шамаланған. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының бұл жобаға салған инвестициясы 246,8 млн. теңгені құрайды. Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында «Манат» шаруа қожалығының алаңы 1 гектар жылыжай құрылысы жүріп жатыр. Кешенде түрік технологиялары қолданылады. Ол 350 тонна қияр өсіруге арналған. Ресей технологиясы бойынша «Агрисовгаз» фирмасы Алматы облысының Текелі қаласында, Талдықорғанға жақын алаңы 3,65 гектар жерге «Green House - Зеленый дом» ЖШС Жылыжай кешенінің құрылысын аяқтап жатыр. Жылыжай жылына 1 375 тонна қызанақ пен 1 650 тонна қияр өндіретін болады. Жоба 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырылған. «ҚазАгроҚаржы» сарапшыларының айтуынша, мысалы, жабық жерде өсірілетін қызанақтың орташа өнім шығымдылығы гектарына 400-500 тонна, ал осы дақылдың ашық жердегі шығымдылығы 60-80 тонна шегінде ғана. Жылыжай өндірісіндегі жаңа технологиялардың қолданылуы шығымдылықты бірден арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 есе азаяды және сонша рет жұмыс күші де үнемделеді. Сонымен бірге, қазіргі енгізіліп жатқан технологиялар суды едәуір, 2-3 есеге үнемдейді және өсімдіктердің әр түрлі ауруларынан сақтайды. Қазіргі заман жылыжайларда минералдық тыңайтқыштарды дайындау мен салу процестері автоматтандырылған, топырақты өңдеуге байланысты барлық операциялар алынып тасталған. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» компаниясы жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге 11 жобаны мақұлдады. Оның ішінде жиынтық алаңы 15,7 га және қуаты жылына 7,1 мың тонна өнім беретін 5 кешен ендігі іске қосылған және көкөніс өнімдерін өсірумен айналысып жатыр. Бұл жылыжайлардың жұмыс істей бастауымен қатар 600 адам жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «ҚазАгроҚаржы» үшін көзделген қаржы көлемі 94 млрд. теңгені құрайды. Соның ішінде лизингілік компания алаңы 60 гектардан артық өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай кешендерін құру бойынша жобаларды іске асыруға шамамен 13,7 млрд. теңге жұмсамақшы. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» компаниясының құрылымдық бөлімшелері 2 жобаны қарау үстінде. Біріншісі Оңтүстік Қазақстан облысында алаңы 4,3 га жылыжай құруды көздейді. Екіншісі – Атырау облысындағы алаңы 2 га кешен. «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;