8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының асыл тұқымды малды сақтандыру жөніндегі түсініктемесі

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының асыл тұқымды малды сақтандыру жөніндегі түсініктемесі 14.02.2012 «ҚазАгроҚаржы» компаниясының асыл тұқымды малды сақтандыру жөніндегі түсініктемесі «ҚазАгроҚаржы» компаниясы мен Қазақстанның сақтандыру компаниялары арасындағы қолданыстағы келісім отандық малшылшарға лизингке сатып алған ірі қара малды сақтандыруға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының малды сақтандыру бойынша көзқарасын түсіндіруге ҚазТАГ ақпарат агенттігінің лентасындағы хабар себеп болып отыр. Көп таралған ақпаратта Павлодар облысында өткен мәжіліс жөнінде айтылады, онда шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Сүлейменов Серік сақтандыру компанияларының сатылып алынған ІҚМ құнына белгілеген 1 пайыздан 4 пайызға дейінгі жоғары тарифына назаланды. Естеріңізге сала кету керек, «ҚазАгроҚаржы» 2011 жылдың басынан бастап, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен оның экспорттық әлеуетін дамытудың қаржы операторы болды. Бұл ретте отандық лизингілік компания тарапынан жобаларды іске асыру кезінде малшы-кәсіпкерлердің шығындарын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды қолданған болатын. Солардың ішінде – қазақстандық сақтандыру қызметтерінің нарығында әрекеттегі 7 негізгі компаниялармен бекітілген меморандум. Шаруашылықтардың сатып алған малдарының мүлтіксіз сақталымына байланысты маңызды тәуекелдіктерді ескере келіп, сақтандырушылар лизинг затының құнынан 4 – 12 пайыз шегіндегі сақтандыру тарифтарына көндірген. Алайда, қортындысында тариф сатылып алынған малдың сомасының 1% құрады. Азырақ – болады, көбірек – болмайды. Бұл талап келісіммен бекітілген және республиканың бүкіл аумағында жұмыс істейді. Лизингке сатылып алынған асыл тұқымды малды сақтандыру – «ҚазАгроҚаржы» компаниясының міндетті талабы, өйткені бұл талап лизинг алушылардың өздерінің қаржы орнықтылығын қосымша қамтамасыз ету болып табылады. 2011 жылдан 2012 жылға дейінгі кезең ішінде Қазақстанда "ҚазАгроҚаржы"АҚ бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 500 астам асыл тұқымды ІҚМ әкелінді. Жалпы 2007 жылдан бастап, еліміздің әр түрлі шаруашылықтары мен агроқұрылымдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша сатылып алынған түрлі мал тұқымының 9 156 бас етті және сүтті малдарын сақтандырды. Басым көпшілігінде «сақтандыру» 1% есебімен ресімделеді. Осы мал шаруашылығы жобаларының бәрі де инвестициялық жобалар санатына жатады және «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен 9 жыл мерзімге дейін жылдық 4% және міндеттемелерді өтеу бойынша 3-жылдық жеңілдікті кезең талаптарында қаржыландырылады. Сақтандырудың міндетті рәсім екеніне қарамастан, сақтандыру компаниясының таңдауы – кәсіпкердің өзінің мүддесі мен ерекше ықыласының ісі. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ойынша, мүмкін, Павлодар облысындағы «Болат» шаруашылығының басшысы Меморандумға қол қоюшылардың қатарына кірмейтін сақтандырушыға өтінішпен барған шығар. Алайда комиссияда бұл жағдай кәсіпкерге сақтандыру тарифтерін жаппай көтеру туралы және соған сәйкес, осыған қатысты мүдделі ұйымдардың әрекетсіздігі туралы сендіру құқығын бермейтініне сенімді. Әділдік үшін бір жағынан ірі қара малды сақтандыруға жоғары тарифтерімен өз бизнестерін ықтимал шығындардан қауіпсіздендіруге тырысатын сақтандыру компанияларының қауіптенуін де түсінуге. Автомобильдермен салыстырғанның өзінде жануралармен сақтандыру оқиғаларының тізбесі көлемдірек және опат болуы, жоғалуы, өлімі, мәжбүрлі сойылуы және т.б. әлдеқайда ықтимал. Бұл ретте, сақтандыру оқиғаларының пайда болу себептерінің тізімі де анағұрлым үлкен, оның ішіндегі бастысы – әр түрлі аурулар (тейлериоз, аусыл, эмфизематоздық шиқан, туберкулез, лейкоз, пастереллез, родовой порез, гепатит, гастроэнтерит, эндокардит…). «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімілігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді. «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;