8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қыстағы Қазақстанның жылыжайлары

Қыстағы Қазақстанның жылыжайлары 10.02.2012 Қыстағы Қазақстанның жылыжайлары Қазақстанның едәуір бөлігін жаулап алған аяздар еліміздің ең суық, солтүстік аймақтарында жұмыс істеп жатқан жаңа жылыжай кешендерінің жұмыскерлерінде алаңдатушылық тудырған жоқ. Кешен басшыларының айтуынша, бұл «жалпы нормадан ауытқыған суықтар емес», температураның мұндай төмен түсуі жылыжайларды салу кезінде ескерілген. Сырттағы аяздарға қарамастан, кәсіпорындар «жылулықты сақтап», көкөніс өнімдерін өсіру жұмыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Әңгіме құрылысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды отандық лизингілік компанияның іске асыруы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған Степногорск қаласындағы («Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС) Ақтөбедегі («Izet Greenhouse» ЖШС) және Қарағандыдағы («Green Technology» ЖШС) қазіргі заман жылыжай кешендері жөнінде болып отыр. Ауа райының суықтығы қияр мен қызанақтың өсімі мен шығымдылығында байқалды ма? Жылыжай жұмыс істеп жатқан Ақмола облысының Степногорск қаласында сырттағы ең төмен температура -42 аязды көрсетіп тұрды, кешен директоры Александр Грибалёвтің айтуынша, екінші жылу қазаны қосылды. Жүйе тәулік бойы 20-21 грдус жылулықты ұстап тұрды – бұл көкөністердің өсіп, пісуі үшін қолайлы режим. Қаңтар айында жылыжайшылар 75 тонна қияр жинап алды және қызанақтың жаңа көшеттерін отырғызды, оның өнімі наурыз айының ортасында күтілуде және өнім жыл бойы жиналатын болады. Жалпылай алғанда, 400 тоннаға жуық қияр, 341 тонна томат пен 3 мыңнан астам брикет аскөк жиналды. Өнім Астана, Степногрск, Қарағанды және Көкшетау қалаларында сатылады. Бұрынырақ хабарланғандай, алаңы 3,5 га, жобалық қуаты 1800 тонна өнім шығаратын «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС жобасы 2010 жылдың аяғында іске қосылған. Оны іске асыруға «ҚазАгроҚаржы» 787,4 млн. теңге жұмсады. Толық жобалық қуатқа шығуы 2012 жылға жоспарланған. Ақтөбе облысындағы «Izet Greenhouse» ЖШС (Изет Гринхаус) жылыжай кешенінде аязды күндері температура +24 градус деңгейін көрсетіп тұрды. Ақтөбе жылыжайшылары бүгінгі таңда жаңа көшет отырғызылғанан, олардың ендігі түйінде де бере бастағанын айтып кетті. Бұл ретте, кешен ашылғаннан кейін, 2011 жылы 1100 тонна қызанақтың алғашқы өнімін берді. Екінші айналымның түсімін наурызда жинамақшы болып жоспарлап отыр. Алаңы 3 га және қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өнімін өндіретін жылыжай 2010 жылдың соңында тұрғызылған. «ҚазАгроҚаржы» жобаға 994,9 млн. теңге инвестициялады. «Green Technology» ЖШС (Грин Технолоджи) Қарағанды жылыжайшылары сыртта ауа температурасы -35 градус аязды көрсетіп тұрғанда, кешен ішінде қиярдың жаңа өнім тұқымын себуге дайындық жұмысын жүргізіп жатқан. Жылыжай кешенінің директоры Қайрат Иманғазинов айтып кеткендей, даладағы аяз жылыжай ішіндегі агротехникалық жұмыстардың барысы мен көкөніс шығымдылығына аса әсерін тигізе қоймайды. Іске қосылғаннан кейін, өткен жылдың жазында алаңы 3 га жылыжайда 680 тонна қияр өсірілді. Өнім негізінен Қарағанды мен Астана қалаларында өткізіледі. Инвестжобаның жалпы құны - 1,3 млрд. теңге. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ салған инвестициясы 918,1 млн. теңге. Лизингілік компания – еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі инвестициялық жобалардың операторы «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларының айтуынша, еліміздің солтүстік аймақтарында салынған жылыжай кешендері қалыпты режимде пайдаланылуда. Бұл - кәсіпкерлердің бұған дайын болғандығының нәтижесі ғана емес, сондай-ақ, жобамен жұмыс істеу кезінде аймақтың климаттық жағдайлары негізгі аспектілердің бірі деп санаған жабдық жеткізушілері мен жергілікті жобалаушылардың атқарған мұқият жұмыс нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» компаниясы жаңа қазіргі заман жылыжайлар құру бойынша 8,9 млрд. теңгеге 10 жобаны мақұлдады. Оның ішінде іске қосылғандары: - «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС – Ақмола облысы Степногорск қаласындағы алаңы 3,56 га, қуаты жылына 1 800 тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін жылыжай. - «Green Technology» ЖШС – Қарағанды қаласындағы алаңы 3 га, жобалық қуаты 1 695 тонна жылыжай. - «АзияТрейд-1» ЖШС - Оңтүстік Қазақстан облысындағы алаңы 1 га, өндірістік қуаты 450 тоннаға дейін баратын жылыжай. - «Izet Greenhouse» ЖШС – Ақтөбе облысындағы алаңы 3 га, жобалық қуаты 1 500 тонна жылыжай. 2012 жылы тағы да 3 жоба іске қосылмақшы, жалпы өнім шығару көлемдері жылына 5,6 мың тонна көкөніс өнімін құрайды: - «Green House - зеленый дом» ЖШС – Алматы облысындағы алаңы 4 га, жобалық қуаты 2 100 тонна жылыжай. - «Аделя» ШҚ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы алаңы 5 га, жобалық қуаты 1 600 тоннаға дейін баратын жылыжай. - «Астана Эко Стандарт» ЖШС – Астана қаласындағы алаңы 3 га, жобалық қуаты 1 900 тоннадан асатын жылыжай. 3 объектінің құрылысы салыну сатысында: - «Green Land Alatay» ЖШС – Алматы облысындағы алаңы 5,1 га, жобалық қуаты 3 700 тоннадан асатын жылыжай. - «Онти» ЖШС – Оңтүстік Қазақстан облысындағы алаңы 2 га, жобалық қуаты 680 тонна жылыжай. - «СЗЦ Асар KZ» ЖШС – Оңтүстік Қазақстан облысындағы алаңы 2,2 г, жобалық қуаты жылына 350 тонна көкөніс өнімдері мен 5 млн. дана көшет өндіретін жылыжай. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру және дамыту бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын және оны терең қайта өңдеуді дамытуға, астық қоймаларын салу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүнді өндіру мен өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады.

Вернуться к списку
;