8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Шаруалар «Беларусь» мінді

Шаруалар «Беларусь» мінді 12.01.2012 Шаруалар «Беларусь» мінді Кәсібін ауыл шаруашы­лы­ғы­мен байланыстырған шаруагерлер үшін жаңа техниканың жөні бөлек. Мал азығын дайындау, оны қыстақ басына тасуға ескі техника жарамайтынын білетін шаруагерлер лизингтік жүйенің тиімділігіне көз жеткізді. Осы жүйемен техникаларын жаңа­ла­ған жеті шаруагер таяуда «Беларусь» тракторына мінді. Олардың осындай жаңа техника алуына «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау филиалы қолдау көрсетті. Филиал директоры Бауыржан Нұрма­ғам­бетов мәлім еткендей, соңғы екі жылда атыраулық шаруа адамдары 50-ге жуық трактор, тіркеме, өзге де ауылшаруашылық техникаларына қол жеткізіпті. Ал бұл жолы шаруагерлердің сан-алуан жаңа техникаға қол жеткізуі үшін 27 миллион теңге жұмсалған. «Лизингтің тиімді еке­­­нін естіп, алғаш рет жаңа трактор алуға бекіндім» деген қызыл­қо­ғалық «Жеңісбек» шаруа қожалы­ғының жетекшісі Жеңіс­бек Әмір­­шеге қарағанда, Құр­ман­ғазы ауданында тұратын Серік Алғаязов бұған дейін де ли­зинг­тің «дәмін» татыпты. Бұрын да осы әдіспен бір­неше техника ал­ған ол енді ес­кір­гендерді жаңа­лау­ға бел буыпты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.

Вернуться к списку
;