8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ мелиоративтік техниканы қаржыландыра бастады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ мелиоративтік техниканы қаржыландыра бастады 24.01.2012 «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа қаржыландыру бағытын бекітіп, жекелеп алған аймақ шаруаларының тілектерін қолдады. Енді Қызылорда облысының күріш өсірушілерінің «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге арналған екі мақсатты техника сатып алуға мүмкіндіктері бар. Бәріне мәлім, күріш шаруашылығының белгілі бір ерекшелігі бар, бұл ерекшелік барлық салалардың дамуының күріш өсіру шаруашылықтарындағы капиталды қажет ететін суару жүйелерінің – коллекторлық-дренаждық желілердің, гидро-техникалық құрылымдардың, суару каналдарының және т.б. жағдайына байланыстылығынан байқалады. Қызылорданың күріш өсірушілері айтқандай, осы бүкіл инфрақұрылымның жайғастырылу мәселесі көбінесе шаруашылықтардың механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Бұл ретте, әңгіме күріш жинау комбайндары мен өзге ауыл шаруашылығы техникалары жөнінде болып отырған жоқ, бұларды сатып алуда ауылдықтарда ешқандай проблема жоқ – «ҚазАгроҚаржының» тиісті бағдарламалары техника сатып алуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге күріш тазалайтын, күрішті қайта өңдейтін желілерді де сатып алуға мүмкіндік береді. Проблема мелиоративтік техника паркін – бульдозерлерді, экскаваторларды, құбыр тартқыштарды, яғни ауыл шаруашылығы санатына жатпайтын, бірақ оларсыз күріш чектерінің жұмыс күйін қалпында сақтауға болмайтын техникаларды жаңартуда болып отыр. 2012 жылдың басынан бастап, «ҚазАгроҚаржы» мелиоративтік техникалардың қаржы лизингісін көздейтін бағытты бекітті. Жаңа бағытқа сәйкес қазақстандық күріш өсірушілер бульдозерлер, экскаваторлар, канал қазғыштар (канал тазалағыштар), шөмішті тегістеуіштер, қайырма тегістеуіштер, жаймалауыштар, құбыр тартқыштар, тиегіш-экскаваторлар, жаңбырлатқыш және суландыру машиналары, аспалы алысқа сорғалап ағатын жаңбырлатқыштар, қос консольды және басқа да жаңбырлатқыш машиналар, жылжымалы суарғыштар, автомабиль шассиіндегі суарғыш машиналар, стационарлық суарғыш машиналар, суландыру жүйелері, тамшылатып және импульстік суару жүйелері, дренаж төсегіштер, лазерлік тегістеуіштер, жер тегістегіштер мен басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған мелиоративтік техникалар. «ҚазАгроҚаржы» бағытты меншікті өз қаражаттары мен тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырмақшы. Меншікті қаражат есебінен қаржыландыру талаптары – жылдық 8 % (тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 8,2 % бастап) 5 жылға дейінгі мерзімге. Тартылған қаражат есебінен сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 11 % (тиімді – 11,5 % бастап) тартылған қаражат валютасына индекстеумен және 13 % - тартылған қаражат валютасына индекстеусіз (тиімді мөлшерлеме – 13,6 %) 5 жылға дейінгі мерзімге. Бастапқы жарнасы – лизинг затының құнынан 25 % . «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректері бойынша, Қызылорда облысында – Қазақстанның негізгі күріш шаруашылығымен айналысатын аймағында 2011 жылы 77,3 мың га жерге күріш егілген. Жалпы түсім 365 мың тоннаны құрады. 2012 жылы шамамен 70 мың га жерге күріш егу жоспарланып отыр. Облыста 450 жуық күріш шаруашылықтары бар. 2000-2011 жылдар арасында «ҚазАгроҚаржы» Қызылорда облысына шамамен 9,3 млрд. теңге инвестициялаған. Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы сомасы 5,3 млн.теңгеге 978 бірлік техника сатып алуын қаржыландырған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;