8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Германиядан 856 бас ірі қара жеткізілді

Германиядан 856 бас ірі қара жеткізілді 27.12.2011 KazBIN.27.12.2011.Астана. – Германиядан Ақтөбе облысына 856 бас ірі қара жеткізілді. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Сүтт ірі қаралар облыстың Мәртөк ауданында орналасқан «Айс» ЖШС фермасының қарамағына берілді. «Айс» ЖШС сүтті өңдеу, тамақ түрлері мен халық тұтынатын тауарлар өндіруге бейімделген. Бұл жобаның «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша қаржыландырылған көлемі 2,8 млрд теңгені құрады. Бұл қаржыға ферманың ғимараты тұрғызылды. Сондай-ақ, голландиялық Van der Ploeg International B.V. компаниясының мал қора мен сауу жабдықтары, немістің Eurasia GmbH жәнен швейцариялық Eurasia Group компанияларының ауыл шаруашылық техникалары сатып алыныпты. Бұған қоса, өнімділігі жоғары шетелдік мал басы сатып алынған. Бұл шаралар фермада қосымша 45 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді екен. «Айс» директоры Марата Итеғұловтың айтуынша, ірі тауарлы сүт фермасы голландық «Вандерплуг» фирмасының технологиясымен жұмыс істейді. Кешеннің жылдық қуаты 7 200 тонна сүтті құрайды. Серіктестік алдағы уақытта сауын сиыр басын 3 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр

Вернуться к списку
;