8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» шетелден 10 мыңға жуық ірі-қара мал сатып алмақшы

«ҚазАгроҚаржы» шетелден 10 мыңға жуық ірі-қара мал сатып алмақшы 16.11.2011 АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» ірі-қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы республиканың шаруашылықтарына шамамен 7 000 бас ірі қара мал әкелуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі. Жалпы бүгінгі таңда компания 26 жобаны мақұлдады. Соған сәйкес 9403 бас ірі қара мал сатылып алынбақшы. Асыл тұқымды мал сатып алуға анағұрлым көп өтінім келіп түскен аймақтарың ішінде: Ақмола облысы - 1617 басқа, Алматы облысы 2029, Павлодар облысы - 1585, Қостанай облысы 1560 басқа өтініш білдірген. Өтінім қабылдау және перспективалы жобаларды іріктеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы алғанда, еліміздің ауыл шарушылығында 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Бұл бағыттарды іске асыруға «ҚазАгроҚаржы» шамамен 94 млрд. теңге жұмсамақшы.

Вернуться к списку
;