8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша 16 жобаны бекітті

«ҚазАгроҚаржы» көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша 16 жобаны бекітті 28.10.2011 АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «ҚазАгроҚаржы» көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша 16 жобаны бекітті. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат беру барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Жұбашев мәлім етті. «Бүгінгі таңда компания көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша жалпы құны 3,5 млрд. астам теңге болатын 16 жобаны бекітті. Олардың жиынтық сыйымдылығы - 73,6 мың тонна. Оның 4-еуі пайдалануға берілді», - дейді А. Жұбашев. Оның атап өткеніндей, жыл соңына дейін елде тағы 10 көкөніс сақтау қоймасын тапсыру көзделіп отыр. Жалпы осы мақсатқа 2009 жылы Ұлттық қордан 7 млрд. теңге бөлініп, олардың барлығы толығымен игерілген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, елде жиынтық сыймдылығы 661,4 мың тонна болатын 677 көкөніс сақтау қоймасы бар.

Вернуться к списку
;