8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» жаңа көкөніс қоймаларының құрылысын қаржыландыруда

«ҚазАгроҚаржы» жаңа көкөніс қоймаларының құрылысын қаржыландыруда 07.10.2011 АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» жиынтық сыйымдылығы 73,6 мың тоннаға дейін жететін көкөніс қоймаларының құрылысын қаржыландыруда. Қазақстандық лизингілік компания жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге 15 жобаны мақұлдады, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның баспасөз қызметі. Осы нысандардың бәріне көкөністердің сапасын 9-10 айға дейін сақтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтар орнатылуда. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» мақұлдаған жобалардың ішінен ендігі 4 көкөніс қоймасы іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Онда отандық ірі жер иеленушілер өсіріп шығарған жеміс-көкөніс өнімдерінің 17 мың тоннасын сақтауға болады. Қалған жобалардың іске асырылуы 2011 жылдың қазан айы мен 2012 жылға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» жалпы алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Әңгіме республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін, мал бордақылау алаңдарын, етті қайта өңдеу кешендерін, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын (репродукторлар), сойыс пунктерінің желілерін құруға, сонымен қатар қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамытуға және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен жаңғыртуға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге және биязы жүн өндіру және оны қайта өңдеуге байланысты перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде болып отыр. «ҚазАгроҚаржы» оларды іске асыру үшін шамамен 94 млрд. теңге жұмсамақ

Вернуться к списку
;