8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Балалар үйінің тәрбиеленушілерге сыйлықтар тапсырылды

Балалар үйінің тәрбиеленушілерге сыйлықтар тапсырылды 01.09.2011 АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Білім күні Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Урюпинка ауылында орналасқан № 2 балалар үйінің түлектеріне «ҚазАгроҚаржы» АҚ атынан жаңа білім күнінің басталуымен құттықтап, әр түрлі жемістер және таза шырындар түрінде сыйлықтар келіп жетті,деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі. Мүмкіншілігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларға арналған мекеме отандық лизингілік компанияның қамқорлыққа алған ұйымы болып табылады. Мұның алдында балалар үйіне оқу процесіне арналған интерактивтік тақта сатылып алынып орнатылған, сондай-ақ, балалар үйінің ерекшелігін ескере келіп, арнаулы тапсырыс бойынша қажетті үстелдер мен орындықтар жасалған болатын. Ақкөл ауданындағы балалар үйі 1932 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл ұйымда арнаулы бағдарлама бойынша келген 6 жастан 18 жасқа дейінгі 140 бала тұрады. Балалар 10 сыныпқа дейін оқиды, ал ақырғы жылы еңбек тәрбиесі бағдарламасы бойынша білім алады. Түлектер он жылдықты аяқтаған соң, кәсіби лицейге түседі. Балалар үйінде 14 сынып жиынтығы бар. Алғашқы еңбек дағдыларын еңбек тәрбиесі сыныптарында алады. Оған қосымша бұл ұйымда ұлдарға арналған ағаш ұста сыныптары мен қыздарға арналған тігу шеберханалары жабдықталған. Ұстаздарының жетекшілігімен балалар шығармашылықпен және спортпен белсенді түрде айналысады. Мысалға, Балалар үйінің вокалдық және би ұжымдары әр түрлі конкурстар мен концерттерге жиі қатысады.

Вернуться к списку
;