8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Нәтиже» тұтынушыларға ұнамды (Егемен Қазақстан)

«Нәтиже» тұтынушыларға ұнамды (Егемен Қазақстан) 08.10.2011 Қарағандыда өндірілетін осындай сүт өнімдері өтімді. Қазір өндірісті аймақтағы сүт өнімдерін өндірушілер арасында бәсе¬ке¬лестік айрықша деуге болады. Өйткені бұл іспен шұғылданушылар жеткілікті және бір-бірінен асып түсу үшін бәсеке жолында. Нарықтың осындай талабына төтеп берумен қатар оқ бойы озушылар да аз емес. Солардың алдынғы сапында «Қа¬ра¬ғанды сүт комбинаты» ЖШС көрініп жүр. Оның «Нәтиже» атауымен шыға¬ры¬ла¬тын сүті, қаймағы, кілегейі, қатығы, ай¬ра¬ны басқа өңірлер тұтынушыларында аян. Соның ішінде астаналықтардың үлкен сұранымына ие. Елорданы азық-түлікпен қам¬тамасыз ету белдеуін құру бағдар¬ла¬ма¬сы аясындағы жобаны іске асырушы кәсіп¬орын аталған тағамдар көлемін күннен-күнге арттырып келеді. Бүгінде бас қала тұр¬ғындарына тәулігіне 3-4 тоннасы жө¬нелтіліп отырса, алдағы уақытта ұлғай¬ты¬ла беруі көзделген. Бұл нысан Қазақ¬стан тәуелсіздігінің мерейлі мерекеcі қарса¬ңын¬да пайдалануға тапсырылып отыр. Кеншілер шаһарының Теміртауға шы¬ға берістегі бөлігінде орын тепкен комбинат іші-сырты өндіріс мәдениеттілігі жо¬ға¬ры деңгейлігімен көз тартқызады. Қазіргі заманғы технологиялық құрал-жаб¬дық¬тар¬мен жарақтандырылғаны бірден назар ауда¬ратын көрініс. Бүкіл үдерісі соған ба¬ғындырылған жұмысты атқарушылар қимылы ширақ. Комбинаттың атқарушы директоры Сәуле Жанкина іс жай-жапсарымен жан-жақты таныстырғандай, өндірістік қуатты арттыруға баса көңіл бөлінеді екен. Осы мақсатта «ҚазАгроҚаржы» АҚ несие бөлу комитетінің қолдауымен «Сүт өнімдерін өндіруді дамыту» инвестициялық жобасы қаржыландырылып, оны іске асыру был¬тыр¬ғы жылдан бастап қолға алыныпты. Содан беріде біраз шаруа тындырылған. Жаңа әрі, сиымдылығы ауқымды тоңазытқыштар орнату, сүт өнімдерін дайындау желісін жетілдіру аяқталған. Жақында, дәлірек осы ай басында қышқыл дәмді сүт тағамдарының барлық түрлерін шығару өндірісі іске қо¬сылды. Ол кәсіпорын өміріндегі елеулі оқи¬ға болды. Швейцария фирмаларының бұл салаға арнап жасаған озық технологиясы өнімдердің жоғары талап-талғам деңгейіне сай болуына мүмкіндік береді. – Кәсіпорнымыздың келешегі кең. Бәрі сол үшін жасалып жатыр. Қазір Қарағанды өңірін күніне 25 тонна сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырсақ, одан сайын ұлғайтыла түседі. Сапасы мен дәмділігі жағынан өте өтімді дей аламыз. Арнаулы зертханада алдын ала сарапталып, қатаң бақылаудан өткізіледі. Сырты әсем безендірілген қағаз құтылар мен қораптарға құйылған түр-түрі көз тартқызбай қой¬май¬ды. Келесі жылы қосымша өндірістік желілерді іске қосу ойластырылуда, – дейді Сәуле Амангелдіқызы. Айта кету керек, аталған комбинаттың ілкімді жұмысы бір жағынан ауылдық жерлерде сиыр сауумен шұғылданатын шаруа қожалықтарына аса пайдалы болып отыр. Жақын маңайдағы Шет, Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра аудандарының фермерлерімен келісім бойынша молынан сатып алынады. Бұған дейін өткізілуі қиын болып келген мәселеге енді еш кедергі жоқ. Сүт¬терін тасымалдап әуреге түсіп жатпайды. Комбинат белгіленген кестеге сәйкес өз күшімен жеткізеді. Екі жаққа да тиімді. Кәсіпорын басшылары атап айтқандай «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан көмек-қолдауға разылық бөлек. Еліміз агроөнер¬кә¬сіп кешенін дамытуға 2010-2011 жыл¬дар¬ға салынған 211,8 млрд. теңге инвес¬тицияның 1 млрд. 600 миллион теңгесі сүт өңдеу саласына арналған. Былтыр Қара¬ғандыда ашылған облыстық өкілдігі ком¬би¬наттың инвестициялық жобасын қол¬дап, іске асуына жеткілікті қаржылық көмек көрсеткен. Несиелік жолмен берілген оны сүт өндірушілердің мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндігі баршылық. Біз әңгімелеген Қарағанды сүт қом¬би¬наты сондай-ақ, «Нәтиже» атауымен белгілідей ісі нәтижелі. Өндірісті өркендетудің өрелі жолын ұстану соған негіз қалап жүргендігі байқалады. Алдағы кезеңге жобаланған іс-жоспар айқын. Оның басты арқауы астаналықтар мен қарағанды¬лық¬тар¬ды сүт тағамдарымен жеткілікті қам¬та¬масыз етуге арналған. Осы мақсат жолын¬да көш бастаушы ретінде көрінуге тал¬пы¬ныс таудай. Несі бар, күш-қабілетіне сенімді кәсіпорынға жарасады. Инно¬ва¬ция¬лық үрдістің игілігін игеруге ұмтылыс әлі талай жарқын істерге қозғау саларына еш күмән жоқ. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.

Вернуться к списку
;