8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Техника өзімізде шығарылса игі (Егемен Қазақстан)

Техника өзімізде шығарылса игі (Егемен Қазақстан) 30.09.2011 Қазақстандық «СемАЗ» мәшине құ¬растыру кәсіпорны өзі жұмыс істеген күннен бастап 1500-ден астам «Беларусь» тракторын құрас¬ты¬рып шы¬ғар¬ды. Бұл елімізде ауылшаруа-шылық техника¬ларын шығаруды қаржылан¬дыру¬дың нәтижесінде жүзеге асып отыр.
«ҚазАгроҚаржы» компаниясы 2009 жылы ауылшаруашылық техникаларын құ¬растыру өндірісін ұйымдастыру бағытын¬да құны 1,03 млрд.теңге тұратын инвести¬циялық жобаны қаржыландырған болатын. Ал жобаның жал¬пы құны 1,2 млрд.теңге. Бұдан өзге лизингтік компания отандық өндірушілерге қолдау жасау аясында «СемАЗдан» Қазақстан¬ның шаруашы¬лықтары мен агроқұрылымдарына кейін лизингке табыстау үшін оның өнімдерін сатып алады. Сатып алынатын техника көлемі отандық ірі жер иеленушілердің мүдделері мен сұранысына байланысты болмақ.
2009 жылдың наурыз айынан бастап «Қаз¬АгроҚаржы» Семейдің мәшине құрас¬ты-рушыларынан барлығы 873 бірлік «Беларусь» тракторын сатып алған болатын. Ал биылғы жылдың басынан бастап, «СемАЗдан» жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге 462 трактор, сондай-¬ақ 118 млн.теңгеге 64 пішен тайлағыш сатып алды.
Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына бар¬ған сапарында ел аумағында ауылша¬руବшы-лық техникаларын шығару мен құрас¬тыра¬тын кәсіпорындар құру қажеттігін айтып өт¬кен болатын. Егер біз шетелдік техникаларды сатып ала отырып, оларды Қазақстанда құрас-тыруға міндеттесек, құны 30% арзанға түседі. 2000 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» ел аграрлық секторына 160 млрд. теңгеден астам қаржыға 18 мың бірлікке жуық ауылшаруа-шылық техника¬ла¬рын сатып алып, табыс етті. Шаруа¬лардың қалауы бойынша, отандық өнді¬ріс техникалары және жабдықтарымен қатар алыс¬-жақын шетелдік өндірістен де сатылып алынады. Алайда отандық лизингтік компания өтініштерді қарау кезінде отандық техника¬ларға басымдық береді. Оларды жеңілдікпен сатып алуға талаптар да қаржыландырылады.
Бүгінде компанияның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – Қазақстанда техника шығаруды ұйымдастыру. Осы мақсат¬та компания инвестициялық жобаларды іске асыру аясында жылына 6 %¬-бен екі жыл жеңілдікті өтеу кезеңімен қаражат қарас¬тырып отыр.
Индустрия және жаңа технологиялар ми¬нистрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақ¬станның ауылшаруашылық мәшинелерін жасау өндірі¬сіне 120 кәсіпорын жұмыл¬дырылған. Оның 50¬-інде әртүрлі топырақ өңдеу құралдары (қоп¬сыт¬қыштар, сыдыра жыртқыштар, соқа¬лар, тырмалар), сонымен қатар дестелегіштер мен тұқымсепкіштер шығару өндірісі ретке келтірілген. Бұдан өзге, жем¬шөп дайындауға арнал¬ған техникалар, өсімдіктерді қорғауға арнал¬ған мәшинелер және ауылшаруашылық мақ¬сат¬тарға арналған басқа да құрал¬-жаб-дықтар, олардың қосалқы бөлшектерін бірге шыға¬рады. Ал 15-ке жуық кәсіпорын түпкі өнім өндіруші болып саналады. Сонымен қатар, «АгромашХолдинг» АҚ Қостанай қаласында «Есіл» астық жинау комбайндарын шығару бойынша қолда¬ныстағы өндірістік қуатты ұлғайтпақшы.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Вернуться к списку
;