8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақтоғайдың ағыл-тегіл картобы (Егемен Қазақстан)

Ақтоғайдың ағыл-тегіл картобы (Егемен Қазақстан) 19.09.2011

Ақтоғайдың ағыл-тегіл картобы (Егемен Қазақстан)

Өткен жылы аудан орталығы Ақтоғайда жылына 8500 тонна өнім қабылдай алатын алып қойма пайдалануға берілді. Жалпы, өңір үшін маңызды бұл нысан еліміздің инвестициялық жобалары санатына енді. Жобаның жалпы құны – 311 миллион 680 мың теңге, оның 245 миллион 414 мың теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан бөлінді.

Аудан орталығында ашылған бұл қойма облыс бойынша картоп өсіруді қолға алған кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Игорь Головашов басқаратын «Ақтоғай-АГРО» серіктестігіне қарайды.

Біз, осы серіктестіктің көз жет­пес жерді алып жатқан картоп алқабында тұрмыз. Жап-жасыл, кең жайылып жайқалып тұр. Кар­топ алқабы басында бақшашы­ларға арналып жатақхана секілді үй салыныпты. Игорь Голова­шов­тың айтуынша, өткен жылы өзі басқаратын «Ақтоғай-Агро» серіктестігі суармалы жердегі осы біз келіп тұрған 348 гектар алқаптан 5 мың тоннадай картоп жинап алыпты. Биыл да жақсы межеге қол жеткізбек. Ауа-райы да жақсы қабақ танытып тұр. Қыс-көктем айларында аудан жұрт­шылығын картоппен қамта­ма­сыз ету мақсатында қоймаға 2900 тонна картоп салынған кө­рінеді. Өнімнің бағасы да тұрақ­ты. Өздері өсірген қап-қап кар­топ­тарын алды облыс орталығы, Екібастұз, Ақсу, соңы Астана, Омбы жаққа дейін сатуға апа­рады. Биыл «Валлей» атты жаң­бырлатқыш және «Гримме» атты картоп отырғызатын техниканы, өнімді қайта өңдейтін шетелдік техникаларды өз қаражаттарына сатып алыпты. Жаңа техникасыз мынадай кең даланы игеріп, іске жарату, одан пайда көремін деу мүмкін емес.

– Мына жағалау бойында «Невский», әрі қарай «Алладин», одан кейін голландиялық деген картоптың әртүрлі тұқымдары өседі, мұны олардың ақшыл, сиякөк гүлді түрлерінен, жапырақ жаюынан айыруға болады, – дейді Игорь. Алқап бойындағы арық­шалар басында осы тұқымдар аттары жазылған тақтайшалар да көрінеді. – Серіктестікте негізінен ауыл тұрғындары, жалпы 130-дай адам, ал науқандық уа­қытта жұмыс орны одан сайын көбейеді, – дейді ол. – Өйткені, мен өзім де ауылдықпын, осы жерде туып-өстім. Бала кезімнен жер­дің қадірін, күтіп-баптауды, оның игілігі болатынын көріп өстік.

Аудан орталығынан наубайхана аштық. Бидай өсіретін болған соң, оны сақтайтын қойма сал­дық. Әрі мемлекет қамқорлық жасап отырғанда сол мүмкіндікті пайдалана білу керек деп ойлай­мын, қазір міне, он жылдай уақыт болды картоп өсіріп келеміз, табысымыз да жаман емес. Со­нымен қатар бұршақ, бидай егеміз. Бұрындары қыс ішінде көкөніс пен картоп сақтауда ала жаздай өсірген өнімдері рәсуа болып, шаруа қожалықтары үшін біраз қиындықтар кездесті. Енді міне, қойма дайын. Ерінбей еңбек етімін деген Игорь сияқтылардың ағыл-тегіл картоп та, көкөніс те өсіре беруіне болады. Ақтоғай­дың жері жетеді. Қоймалар мен жылыжайлар қысы қатты солтүс­тік өңірдің жағдайында аса қажет. Көктем шыға далаға босқа лақ­тырылған өнімдердің кесірінен баға да шарықтап кетіп, жұрттың реніш білдіретіні де сондықтан. Ал, қазір сол олқылықтың орны толды, жылдар бойы айтылып келе жатқан мәселенің мәнісі шешімін тапты, енді шетелдік технология бойынша тұрғызылған қойма тұрғындар сұранысын қыстыгүні картоп, көкөніс өнімдерімен қам­тамасыз етуде, дейді бізбен бірге алқапты аралап жүрген аудан әкімі Жұмакелді Қожанов.

Серіктестік бөлген қаражатқа картоп сақтайтын қойма салын­ды, көкөніс сақтап тұра алатын желдеткіш жүйелері, сонымен қатар, өнімдерді сыйымдылығы 500 тонна жәшіктерде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтары сатып алынды. Бұған қоса, ауыл шаруашылығына, оның ішінде картоп өсіруге қажет арнайы техникалар да бар. Қойманың жоба бойынша жалпы өнімдерді сақтау кезеңі 9-10 айға есептелген, яғни, қыркүйек айынан келесі жылдың маусым айына дейін шыдайды. Қоймаға керекті барлық жабдық­тар, техникалар Германиядан, agrotec International компа­ния­сынан әкелінген. Осы шаруа­шылықтың басшысы Игорь Голо­вашовтың айтуынша, пайдала­нуға берілген жаңа заманғы көк-ө­н­іс қоймасында өздерінің шаруа­шылықтары өсірген көкөністер, картоптар ғана сақталып қана қоймай, облыстағы жақын аудан­дардың да өсірген өнімдері сақталатын болады. Тіпті, мұнда арнаулы камераларда қырыққабат, сәбіз, пияз сияқты көкөністер де сақталады. Ал, Игорь бастаған картоп өсірушілер қойма толты­ратын мол өнім алатындарына қазірден-ақ сенімді.

Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы.


Вернуться к списку
;