8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» 2011-ші жылы жемшөп өндірісіне Т1,2 млрд қаржы бөлмекші

«ҚазАгроҚаржы» 2011-ші жылы жемшөп өндірісіне Т1,2 млрд қаржы бөлмекші 26.05.2011

ҚазТАГ. «ҚазАгроҚаржы» жемшөп өндіру бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастағанын жариялады. Ішіне суару жүйелерін енгізу және пайдалану, техникалар мен жабдықтар сатып алу, құрама жем кәсіпорындарын салу және ұлғайту енетін, жемшөп өндірісіне байланысты агрономиялық іс-шараларға отандық лизингілік компания тек 2011 жылдың өзінде шамамен 1,2 млрд. теңге қаржы бағыттамақшы болып жобалап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, жемшөпке жасалып отырған екпін «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ірі сүт фермалары мен құс фабрикаларын дамыту бойынша жұмысының қисынды жалғасы болып табылады. Жемшөп базасының болуы – жобаның тіршілік қабілетінде де, өнімнің түпкілікті бағасында да көрінетін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құн құрылымында 60-65% дейінгісін жемшөп құны алады, сондықтан ең жоғары пайдалылық деңгейіне жету үшін жемшөптің өзіндік құнын өнім өндірісін бір уақытта арттыра отырып, барынша төмендету қажет. Проблеманы жемшөп өндірісінің энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу есебінен де шешуге болады.

Жемшөп өндіру – бұл «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберіндегі қаржыландырып отырған жетінші бағыты. Бәріне мәлім, компания Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін құруға, сондай-ақ, тамшылатып суару технологияларын енгізуге байланысты перспективалық жобаларды белсенді түрде қаржыландыруда. Түгел осы жобалар бойынша қаржыландыру шарттары - 8 жылдан 12 жылға дейінмерзіммен6 пайызмөлшерлеме және негізгі борышты өтеу бойынша екіжылдықжеңілдікті кезең.

Елбасының Қазақстан халқына арнап «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп атаған Жолдауында 2016 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздейтін ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаны іске асыру жөнінде атап көрсетілген. Бұл сабақтас салалардың – ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері, жемшөп өндіру, техника жөндеу өндірістерін арттыруға ынталандыратын болады.

Мал шаруашылығының тұрақты дамуының шешуші факторы малдың толымды жемшөппен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Жүргізілген талдау жұмысына сәйкес, Қазақстанның үш жемшөп көзі бар: жайылымдар, табиғи және егілген шабындықтар, жемшөп дақылдарын өсіруге арналған егістік. Егістік алаңы – 182,0 млн. га, табиғи және егілген шабындық алаңы– 4,8 млн. га, жемшөп дақылдарын өсіруге арналған егістік алаңы- 2,5 млн. га.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ құрамына енеді.


Вернуться к списку
;