8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды 23.05.2011
Бүгін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында жаңа басшы тағайындалды. Басқарма Төрағасы Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы болды, осы тағайындалуына дейін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарушы директоры болып қызмет атқарып, Басқарма мүшесі болған. 


«ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымына жаңа басшыны «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басшысы Берік Бейсенғалиев таныстырды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшысы – Дулат Айтжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызмет орнын босатты.

Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы 1971 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысында туған. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетті бітірген. Бірқатар коммерциялық банктерде басқарушы лауазымдарда қызмет атқарған. 2009 жылдан бастап – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып, несиелендіру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік еткен.



«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі


Вернуться к списку
;