8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанда бүгінгі таңда 11 жаңа ірі-тауарлы сүт фермалары тұрақты жұмыс атқаруда - «ҚазАгроҚаржы» АҚ

Қазақстанда бүгінгі таңда 11 жаңа ірі-тауарлы сүт фермалары тұрақты жұмыс атқаруда - «ҚазАгроҚаржы» АҚ 06.04.2011

АСТАНА.  6 сәуір.  ҚазАқпарат  -   Қазақстанда бүгінгі таңда 11 жаңа ірі-тауарлы сүт фермалары іске қосылып, тұрақты түрде жұмыс атқаруда, деп  хабарлайды  «ҚазАгроҚаржы»   акционерлік  қоғамының баспасөз қызметі.

Ол фермаларды салу,     оларға  жабдықтар және  асыл тұқымды  мал сатып  алу  шаралары  «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісі арқылы жүзеге асырылған.

Жалпы 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде отандық лизингілік компания республиканың агроқұрылымдарына арнап 4443 бас голштино-фриз тұқымының асыл тұқымды жоғары өнімді сүтті малдарын сатып алған. Өткен жылдың соңына қарай бұл фермалардағы таза асыл тұқымды голштиндердің саны 6433 жетті.  Мал басының көбеюі ендігі жерде өзінің ұдайы өндірісі есебінен жүзеге асырылып отыр.

Голштино-фриз тұқымының асыл тұқымды төлдерін «ҚазАгроҚаржы» негізінен Канададан және Венгриядан, ал технологиялық жабдықтарды «AGRALIS GmbH» (Германия), «DELAVAL EXPORT SERVICE AB» (Швеция), «Mas Agro» (Голландия), «Van der Ploeg» (Голландия), Hunland GMBH (Венгрия) сияқты жетекші дүние жүзілік өндірушілерден сатып алады.

Қазіргі кезде компания қаржыландыруға Павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан тағы да 3 жобаны мақұлдады. Алматы облысынан құны 17 млрд. теңгеге жоғары технологиялы ферма жобасы қаралу үстінде. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» жоғары технологиялы сүт фермаларын құру бойынша жобаларды қаржыландыруға ауыл тұрғындарынан өтінімдерді әлі де болса  қабылдауда. Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық жобаларды қаржыландыру - 12 жыл мерзімге жылдық 6 пайыз шарттарында және негізгі қарызды өтеу бойынша 2 жыл жеңілдікті кезеңмен жүзеге асырылады.

Айта кету керек,  бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы түрлі  тұқымның 40 мың бас ірі қара сауын малы бар шамамен 85 асыл тұқымды мал шаруашылығы және 15 асыл тұқымды зауыт жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды зауыттардағы бір сиырдың орташа өнімділігі жылына 4 000 кг сүт, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында - 2900 кг. Бұл ретте мал шаруашылығы жағынан дамыған елдерден «ҚазАгроҚаржы» импорттайтын малдың өнімділігі 6-12 мың кг шегінде. Қазіргі заман қазақстандық фермаларда басқа елдерден әкелінген голштиндерден орташа есеппен 7 мың кг сүт алынады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ - негізгі мақсаты ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы  республикамыздың аграрлық секторына қолдау жасау болып табылатын компания. 1999 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылған. 2009 жылдан бастап еліміздің ауыл шаруашылығында - қазіргі заман ірі-тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желісін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу сияқты алты бағытта перспективалы жобаларды қаржыландырып келеді.  «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.


Вернуться к списку
;