8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Павлодар облысындағы көкөніс сақтау қоймасының құрылысын «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырады

Павлодар облысындағы көкөніс сақтау қоймасының құрылысын «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырады 22.07.2010

ПАВЛОДАР. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Шілденің аяғына дейін Павлодар облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің бес инвестициялық жобасын қаржыландыру басталады.

 Бұл туралы облыс басшылығының шақыруымен Павлодарға келген «ҚазАгроҚаржы» АҚ төрағасы Дулат Айтжанов мәлім етті. Ол облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізген көкөніс сақтау қоймасының құрылысын несиелендіру және сүт-тауарлық фермасын қайта жаңғырту мәселелерін реттеуге арналған кеңеске қатысты.

 Аймақ басшысы несиелендіруге байланысты мәселелерді алдағы уақытта шешу керек екендігін айтты, көкөніс сақтау қоймасын көкөністерді қысқы сақтауға салу басталғанға дейін аяқтау қажет.

«Кеңесте өткен әңгімелер ауыр болғанымен, нәтижелі аяқталды», - деді басқосу соңында облыс әкімі.  «ҚазАгроҚаржы» жалпы құны 374 млн. теңге болатын «Ақтоғай Агро» ЖШС-інде 85 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы және  «Елдар» фермалық шаруашылығы мен «Андас» коммуналдық шаруашылығында әрқайсысы үш мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасының салынуы үшін жәрдемдік несиелер берілетін болады.

Жалпы осы жылы Павлодар облысында қаржы институттарының қарауына жалпы құны 7,5 млрд. теңге тұратын облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 14 жоба берілді.


Вернуться к списку
;