8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ислам даму банкі мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ арасындағы келісімге қол қойылды

Ислам даму банкі мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ арасындағы келісімге қол қойылды 17.05.2010

30 млн. АҚШ долларына қаржыландыру желісін беру туралы Ислам даму банкі (ИДБ) және "ҚазАгроҚаржы" АҚ қазақстандық компаниясы арасындағы келісімге қол қойылды, "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы.

Сарапшылар бұл мәміленің бірегейлілігін атап өтті, өйткені Қазақстандағы халықаралық беделді қаржы ұйымы лизингілік операцияларда мамандандырылған компанияға несие желісін беріп отыр. "ҚазАгроҚаржы" отандық лизингілік компаниясы тартылған қаражат есебінен қазақстандық ірі жер иеленушілерге жақын және алыс шетел өндірістерінің әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізуге қаржыландырмақшы.

Ислам даму банкісінен алынатын қаражат 3 жыл жеңілдікті өтеу кезеңімен 10 жылға дейін берілген. Қаржыландыру "мурабах" схемасы бойынша Ислам Шариғатының қағидаларына сәйкес жасалады, яғни ИДБ тауарды жеткізушіден сатып алып, "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына тауар үшін төлемді бөліп-бөліп төлеу шартымен сатады (installment sale). Айта кеткен жөн, ИДБ бұрын да Қазақстанда әр түрлі жобаларды қаржыландырған. Әдетте, екінші деңгейлі банктер арқылы және дәстүрлі әрі іс жүзінде пайдаланылған әдістемелер бойынша жасалатын. Бұл жағдайда қызметі көбінесе қаржы лизингі туралы құқықтық нормалармен реттелетін "ҚазАгроҚаржы" компаниясы арқылы жасалып отыр. Мәмілені іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруге тура келді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникаларын республика аумағына әкелу кезінде компания арқылы салықтық және кедендік жеңілдіктерді сақтауға мүмкіндік беретін тәртіптер әзірленіп, келісілген. Бұл әрекеттердің бәрі де компания клиенттері болып табылатын еліміздің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған техниканың қымбаттауына жол бермеуге бағытталған.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы Дулат Айтжанов айтқандай, халықаралық капитал нарығындағы белгілі бір қиындықтарды ескере келіп, Ислам даму банкісінен несие желісі - біршама арзан қаржыландыру көзіне жол ашу болып табылады. Ақырында компания клиенттері болып табылатын лизинг алушылар үшін екі қаржы институттары арасындағы келісім - бұл тек қазіргі заман жоғары технологиялы техникалардың бағасын қолайлы етіп қана қоймайды, сонымен бірге түрлі дүние жүзілік өндірушілер өнімдерінің кең аясынан таңдау құқығы болады..

Ислам даму банкі (Islamic Development Bank, IDB) - негізгі мақсаты Ислам Шариғатының қағидаларына сәйкес ИДБ мүшелері болып саналмайтын елдердің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылатын халықаралық қаржы ұйымы. 1975 жылы құрылған.

АО "КазАгроФинанс" - 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қаржы қаражаттарына деген, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімдігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ құрамына енеді.

Gazeta.kz


Вернуться к списку
;