8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

“ҚАЗАГРОҚАРЖЫ” ҚОЛДАҒАН ЖОБАЛАР (Егемен Қазақстан)

“ҚАЗАГРОҚАРЖЫ” ҚОЛДАҒАН ЖОБАЛАР (Егемен Қазақстан) 07.05.2010

Ақтөбе облысының әкімі Елеу­сін Сағындықов осы компания қаржыландырып отырған “АЙС” ЖШС тауарлы-сүт фермасы құры­лысының басында болып, инновациялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Серіктестік бас директорының орынбасары Смағұл Бейсембаев жобаның өндірістік қуаты жәйлі облыс басшысына мәлімдей келе, осы кезге дейін атқарылған ша­руа­ларды жүйелеп жеткізді. Оның айтуынша, аталған жоба облыс тұрғындарының сүт өнімдеріне деген сұранысын өтеуге бағыт­талған екен. Фермада жылына 7,2 мың тонна сүт өндіріледі, оның кемінде тең жартысы экспортқа шығарылады деп күтілуде. Жоба­ның сметалық құны 3 млрд. 136,10 миллион теңге құрайды. Осын­шама қаржының тең жартысынан астамы игеріліпті. Биылғы жылғы 1 шілдеге дейін бүкіл жұмысты ат­қарып, өндірісті іске қосу көзделуде.

Мұнда голландиялық “Van Der PLOEG” фирмасының озық тех­нологиялық жабдықтары орнаты­латын болады. Облыс басшысы құрылыс басында болған кезінде серіктестік, “ҚазАгроҚаржы” ком­паниясы облыстық филиалы­ның жетекшісімен пікір алысып, олардың атқарып жатқан шаруа­ларын мақұлдап, қолдау білдірді. Тауарлы-сүт фермасын пайдала­нуға беру өңір экономикасын дамытуға, тұрғындарды сүт өнім­дерімен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Голландиядан мол өнім бере­т­ін сүтті Гольштин-Фриз текті сиырлары әкелінеді. 1100 сиыр ұстауға арналып салынып жатқан кешендегі екі қорада сиырлар бағылады. Жас шамасында қарай бұзаулар тұратын үш қора да бі­туге жақын. Бұдан басқа үш құрама жем цехы, тәулігіне 23,6 тонна сүт сауатын орын салынып жатыр. Қазіргі уақытта ферма құрылысын салумен бес мерді­герлік ұйым айналысуда, онда барлығы 100 адам еңбек етуде. Фер­ма жаңа технологияға негізде­ліп салынғандықтан, мұнда жұмыс күші де көп қажет етілмейді, ос­ыншама сиырды небәрі бес-алты сауыншы сауатын көрінеді. Олар­дан басқа қосалқы жұмыстар­ды қосқанда кешенде 80 адамға жұмыс орны ашылмақшы.

Он жылдан астам уақыт жұ­мыс істеп келе жатқан “ҚазАгро­Қаржы” АҚ басында 80-90 пайызы ескірген еліміздің ауыл шаруашы­лығының техникалық паркін жа­ңарту мәселесін шешуге құрыл­ған-ды. Компания бірінші күннен бастап ауыл шаруашылығы сала­сының стратегиялық және сенімді әріптесі болып келеді. Елбасының еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласындағы тұжырымды саясаты арқасында компания қызметі ауыл шаруашылығын дамыту үшін анағұрлым оңтайлы және тұ­тынушлардың көбіне қолжетімді болып отыр.

Қазір “ҚазАгро­Қаржы” АҚ жобаларды тек қана мәшине-трактор паркін жаңарту бағытында емес, ауыл шаруашылығы өнім­де­рін өндіру және өңдеу саласында жүзеге асыруға инвестиция салып, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер шығаруды қар­жылай қолдап келеді. “Қаз­Агро­­Қаржы” АҚ Ақтөбе филиалы биыл облыста үш ірі жобаны пай­далануға бермекші. Біз осы шаруаның басы-қасында жүрген “ҚазАгро­Қаржы” АҚ-тың Ақтөбе филиалының директоры Қорған Нұртазинді сөзге тартып, қалған екі жоба туралы да таратып айту­ын өтінген едік.

– Бұдан басқа Алға ауданы Бестамақ елді мекенінде салынып жатқан “Парижская коммуна- ХХІ” ЖШС-ның 40 мың шош­қа­лық кешені де биыл пайдалануға берілмекші. Жобаның жалпы құ­ны 2,4 млрд. теңге болады. Ке­шеннің жобалық қуаты бойынша мұнда 40 мың шошқа ұсталады. Осынашама шошқаны азықтан­дыру үшін сағатына 10 тонна құ­рамажем өндіретін цех, ауысы­мына 150 шошқа сойылатын қасапхана да салынды. Бұл жоба жүзеге асқанда шошқа өсіріледі, жартылай дайын ет, шұжық өн­ім­дері шығарылады, асыл тұқым­ды торайлар өсіріледі. Кешенде ғана жаңа жұмыс орындары аш­ылады. Ал, кешеннің пайдалануға берілуі Қытай мен Қырғызстаннан әкелі­нетін тоңазытылған еттің үлесін азайтып, өндірілген ет, шұжық өнімдерінің белгілі бір бөлігін Ресейдің көршілес об­лыстарына шығаруға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Қорған Нұртазиннің мәлім­деуінше, жалпы құны 1 млрд. тең­ге болатын жылыжайдың жобалық қуаты жылына 1200 тонна томат өндіруге есептелген. Мұнда отыз бес жаңа жұмыс орыны ашылады. Жылыжай кешені ауа райына қарамастан жыл бойы өнім өндіруге негізделген, бұл осы өнімдерге бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл жобалардың артықшылығы сол “ҚазАгро­Қаржы” АҚ осы заманғы озық технологиялық қондырғылар сатып алуды қаржыландырып отыр. Мұның өзі қазіргідей бәсе­келестік жағдайында сапалы өнім өндіруге алғышарт жасайтыны сөзсіз. Ақтөбе қалалық әкімдігі осы толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жылыжайлар үшін 60 га жер бөлді. Осы үш ірі жоба Ақтөбе қаласының азық-түлік белдеуін жасауды қамтама­сыз етіп қана қоймайды, бәсекеге қабілетті сапалы өнімдерді сыртқа шығаруға да сәтті қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

Компания филиалы сондай-ақ, “Айс” ЖШС-ында сағатына 500 кило балмұздақ, “Компания РОКОС” ЖШС-ында шұжық өнімдерін, “Тағам регион” ЖШС нан өнімдерін шығаратын шағын жобаларды да қаржыландырып отыр.

“ҚазАгро­Қаржы” АҚ-тың Ақтөбе филиалы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында берік сенімге ие болған бірден-бір қаржылық компания десе де болады. Осындай ірі жобаларды қаржыландырумен бірге, облыстың шаруашылық құ­рылымдарының мәшине-трактор паркін жаңартуға да өзіндік үлесін қосып келеді. Өзі жұмыс істей бастаған он жылда облысқа жалпы ба&# 1 171;асы 11 141,2 млн. теңге тұра­тын 661 техниканы лизингтік әдісімен алып берді. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы құны 700 млн. теңге болатын 30 техниканы лизингке сатып алуға тапсырыс беріпті. Қазірдің өзінде 146,3 млн.теңгеге келісім-шарт жасасыпты. Былтыр облыс шаруашылықтарына 4224 млн. теңгенің техника мен тех­нологиялық жабдықтарды сатып алуды қаржыландырған екен.

Өткен жылдарға қарағанда тапсырыстың төмендеуінің негізгі себебі былтыр ауа райының қуаңшылығы салдарынан егіннің шықпай қалғандығы, астық да­қыл­дарын өткізу рыногының бол­мауы дейді мамандар. Қалып­тасқан жағдай бұрын алынған техникалар үшін уақтылы өтем жасауға әсер етіп отырған көрі­неді. Сонымен бірге “ҚазАгро­Қаржы” АҚ Елбасының агроөнер­кәсіптік кешенді дамыту саясатын жүзеге асыру мен шаруашылық құрылымдарында еңбек өнімді­лі­гін арттыру, бәсекеге түсе алатын ауылшаруашылық өнімдерін шығаруды қаржылық және ли­зингтік қызмет көрсету арқылы қолдау жұмыстарын жүргізеді. Он жыл бойына ауыл шаруашылығын қаржылай қолдап келе жатқан компания өзі әріптестік қатынас қалыптастырған “Құмқұдық”, “Еңбек-Агро”, “Қазақстанның 30 жылдығы”, “Достық”, “Үміт-На­дежда”, “Ферма Иран” жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестіктері жә­не “Бұлақ” шаруа қожалықтары сияқ­ты шаруашылық құрылым­да­рына биылғы егіннің өнімде­рімен өтем жасауға мүмкіндік беріп отырғаны да құптарлық. Мұндай көмек беру бір реттік емес те екен. Ауа райы қуаңшы­лық­ты өткен жылы да қарызын кей­ін өтеуге өтініш жасаған ша­руашы­лық­тарға осындай мүм­кіндік беріліпті.

Біз “ҚазАгро­Қаржы” АҚ қар­жылай қолдап отырған жобалар­дағы жұмыс қарқынын көріп, компанияның шаруа адамына қолайлы қағидалар ұстанып отыр­ғанын көрдік. Ауылдың ажарын кір­гізетін қадамдарға барып отыр­ған акционерлік қоғамның Ақтөбе филиалының қадамдарына сәтті­лік тіледік. Құдай қаласа, ақтө­беліктер бұл жобалардың игілігін көретіні де сөзсіз. Компанияның қол­дау көмегін сезінген шаруашы­лық құрылымдарының әріптес­тіктің әдебінен аспай қарыздарын қай­таратынына сенім мол.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Ақтөбе облысы.

Вернуться к списку
;