8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ауылдарда инвестициялық жобаларды іске асыру аясында қаржыландырылатын дақылдар тізбесі кеңейтілді

Ауылдарда инвестициялық жобаларды іске асыру аясында қаржыландырылатын дақылдар тізбесі кеңейтілді 28.04.2010

АСТАНА.  Сәуірдің  28-і.  ҚазАқпарат   -«ҚазАгроҚаржы» акционерлік  қоғамы тамшылатып суару технологиясын енгізу бағытында ауылдарда  инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде  қаржыландырылатын дақылдар тізбесін кеңейтті. Бұл  жерде  соя, рапс, мақта, қант қызылшасы және тағы да сол сияқты өсімдіктер, яғни техникалық және май санатына жататын дақылдар өндіру жайында болып отыр.

Айта кету керек, «ҚазАгроҚаржы»  2009 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде  перспективалық бағыттағы алты жобаны қаржыландыруда, олар: заманауи тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай шаруашылықтарын, көкөніс қоймаларын құру және дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жобалары. Олардың қатарында тағы да бір маңызды бағыттардың бірі - тамшылатып суару технологиясын енгізу мәселесі. 

Дақылдар тізбесін ұлғайту туралы шешім техникалық және май дақылдарын өсіретін шаруашылықтардың өтініштері бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша   «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданды.


Вернуться к списку
;