8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық аграрлық машина жасау өндірісін қаржыландырудың жаңа сызбасын ұсынады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық аграрлық машина жасау өндірісін қаржыландырудың жаңа сызбасын ұсынады 19.01.2010

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық аграрлық машина жасау өндірісін қаржыландырудың жаңа сызбасын ұсынады. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі хабар таратып отыр.

«Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы бірінші кезеңде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерден өтініш жинап, одан кейін ғана келіп түскен сұраныстар мен сол бойынша қабылданған оң шешімдер негізінде өндірушіден қажетті техника мен жабдықты сатып алады. Компания ұсынып отырған жаңа сызба кері әрекетті жорамалдайды», делінген баспасөз хабарламасында.

«ҚазАгроФинанс» бастапқыда өндірушіні жартылай қаржыландырып, қажетті техника мен жабдықтың белгілі бір партиясына тапсырыс беруді ұсынып отыр, бұл ретте лизинг алушылардан өтініш топтамасы қалыптастырылады. Компания сарапшыларының айтуынша, қазіргі дағдарыс кезінде аталған сызба отандық ауылшаруашылығы техникаларын өндірушілерге тек қаржы қорларын алуға ғана мүмкіндік туғызбайды, сондай-ақ, өз өнімін кепілді өткізу арқылы өндірісті әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша еліміздің ауылшаруашылығы машинасын жасау өндірісіне машина жасау кешенінің 122 кәсіпорыны жұмылдырылған. Олар: тракторлар мен комбайндар,  дестелегіштер, сепкіштер, түрлі топырақ өңдегіш жабдықтар  мал азығын дайындайтын құралдар, сонымен қатар өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар. 2009 жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінген 500 млн теңгені «ҚазАгроҚаржы» АҚ тек қазақстандық өндірушілердің өнімін ғана сатып алуға жұмсаған. Жалпы барлық қызмет кезеңі ішінде компания 2009 жылдан бастап лизинг және несиелендіру арқылы жалпы сомасы 107,4 млрд. теңгеге 13 мың бірлік әр түрлі техника сатып алуға қаржы бөлді.


Вернуться к списку
;