8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Ақмола облысына 2017 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына арналған алғашқы трактор жеткізілді 08.02.2017

Қазақстанда 2017 жылдың егін егу науқанына дайындықтың белсенді кезеңі басталды. Алдағы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың басталуы туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингі мәлімдегеннен кейін-ақ, отандық аграршылар жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын ала бастады. Ақпан айының басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы іске асырылатын «Шебер-лизинг» лизингтік бағдарламасы бойынша алғашқы «Кировец» тракторы жеткізілді. Сатып алынған техника Ақмола облысының Астрахан ауданындағы «КДК Агро»  ЖШС егіс алқабына жөнелтіледі.

Шаруашылық басшысы Валерий Никишин оперативті түрде атқарылған жұмыс үшін «ҚазАгроҚаржы» компаниясына алғысын білдірді, себебі дер кезінде әрі сапалы жүргізілген агротехникалық іс-шаралар – мол өнімнің кепілі.


Одан басқа, 2017 жылдың алдағы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстары қарсаңында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі және кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жариялады.

Компанияда түсіндіргендей, қарыз алушыларға түсетін қаржылық жүктемені жеңілдету мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» қаржыландыру мөлшерлемелерін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетті. Жаңа талаптар бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 17,7% басталады.

Жаңа қаржыландыру талаптары ауыл шаруашылығы техникасының, арнаулы техника мен жабдықтың лизингісіне, арнайы бағдарламаларды іске асыруға және инвестициялық жобалардың кейбір бағыттарына қатысты қолданылады.

Тағы да айта кетерлік жайт, «ҚазАгроҚаржы» техникаларды «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды одан әрі жалғастыруда, бұл бағдарлама бойынша Беларусь Республикасының Үкіметі мөлшерлеменің 3,6% өтейді. Аталмыш бағдарлама қазақстандық субсидияны алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

«ҚазАгроҚаржы» бүгінгі таңда арнайы қаржыландыру бағдарламаларын іске асырады: өтінімдердің жеделдетіліп қаралуы көзделген «Эксперсс-лизинг» бағдарламасы, техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін беретін «Егінжай» бағдарламасы, бұрын пайдалануда болған техниканың лизингі - «Қайталама лизинг» бағдарламасы, клиентке кредит желісі ашылып, соның шеңберінде жыл ішінде құжаттар пакеті қайтадан тапсырылмай, лизинг шарттары жасалуы мүмкін «Шебер-лизинг» бағдарламасы.

Компанияда айтып кеткендей, жаңа қаржыландыру талаптары бойынша Астана қаласында орналасқан Орталық аппаратқа немесе бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары мен өкілдіктеріне өтініммен баруға болады.

2016 жылы «ҚазАгроҚаржы» компаниясы республиканың аграрлық секторына жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 3 119 бірлік техниканы лизингке табыстады, оның ішінде отандық және шетелдік өндірістердің 464 бірлік комбайны, 962 бірлік тракторы, 56 бірлік егіс кешені, 104 тұқым сепкіші және 1 533 бірлік басқа техникалары.

Қаржыландыру бағдарламалары мен талаптары туралы толық ақпарат «ҚазАгроҚаржы» АҚ сайтындағы «Өнімдер» қосымша бетінде орналасқан (http://www.kaf.kz/products_company/products/financing-terms/).

Анықтама:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. Қоғамның ресми сайты – www.kaf.kz



Дата:  08.02.2017 12:03:00
Вернуться к списку
;