8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Қазақстанда жасалған. ҚазАгроҚаржы қаржыландырған. 18.11.2016 17 қарашада Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Тақырыбы: «Өңдеу өнеркәсібін, экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындарды дамыту». «MadeinKazakhstan» ұлттық брендін дамыту. Модераторы: Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің хатшысы - Мамраев Б.Б. Іс-шараға партия мен фракцияның басшылығы, Мәжіліс депутаттары, министрліктердің, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың, өңдеу өнеркәсібінің және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері қатысты. Кеңестің отырысында инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр А.П. Раудың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Л.Е. Ибрагимованың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Н.Б. Әлтаевтың, Мәжіліс депутаты – Кеңес мүшесі П.А. Шарапаевтың, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Н.Т. Малеловтың, «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы О.А. Құдайбергеновтың баяндамалары мен сөйлеген сөздері тыңдалды. Отырыс барысында халық тұтынатын отандық тауарлардың көрмесі болып өтті, олардың ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған компаниялардың өнімдері де болды. 1. “Ордабасы Құс» ЖШС – күркетауық етінің өндірісі (тоңазытылған күркетауық еті мен күркетауық етінен ысталған өнімдер, Оңтүстік Қазақстан облысы). 2. «Green Land Alatau» ЖШС - жылыжай көкөністерінің (қияр, қызанақ) өндірісі, Алматы облысы. 3. «Евразия Инвест Ltd» ЖШС – бие сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісі («Саумед» брендімен жасалған өнім), Қарағанды облысы

Дата:  18.11.2016 17:46:00
Вернуться к списку
;