8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

ҚазАгроҚаржы соңғы 2 жылда инвесторлардың кең ауқымы үшін 8 млрд теңге сомасына және 5 жыл айналым мерзімімен ішкі облигацияларын орналастырған алғашқы эмитент болды 15.11.2016 ҚазАгроҚаржы соңғы 2 жылда инвесторлардың кең ауқымы үшін 8 млрд теңге сомасына және 5 жыл айналым мерзімімен ішкі облигацияларын орналастырған алғашқы эмитент болды. 14 қарашада «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда жүйесінде жалпы сомасы 8 млрд. теңгеге 5 жыл айналым мерзімімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ теңгелей облигацияларын алғаш орналастыру болып өтті. Эмиссиялық консорциумның басқарушысы және мәміле жөніндегі қаржы кеңесшісі «Halyk Finance» АҚ, бірлескен андеррайтерлері – Еуразиялық Даму Банкі мен «Цесна Капитал» АҚ. Орналастырудың бірегейлігі, соңғы жылда тәжірибе жүзінде қолданылып жүргендей, оған мемлекеттік Бірыңғай Жинақтау Зейнетақы Қоры (БЗЖҚ) емес, институционалдық жеке меншік инвесторлардың қатысқандығында. Мәміленің барлық қатысушыларының пікірінше, бұл нарықтың осындай орналастыруға әзірлігі мен әлеуеті жөнінде куәландырады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Айнұр Сейтқасымова: «Инвесторлардың кең ауқымы арасында көпшілік жергілікті облигацияларды орналастыру, ҚазАгроҚаржының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатындағы Компанияның бірізді стратегиясы болып табылады. Инвесторлардың сенімі Компанияның тұрақты қаржы жағдайымен, сондай-ақ оның қызметінің ашықтығымен дәлелденеді. Компания соңғы жылдары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын қамтамасыз ету үшін, қаржыландыру құралдары мен көздерін әртараптандыруға тырысуда. Біздің дебюттік шығарылымымыздың жетістігі инвесторлардың мұнай мен банк салаларымен қатар, қазақстандық аграрлық секторға деген назарын аудартады деген сенімдеміз.» «Halyk Finance» АҚ қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің директоры Фархад Охонов: «Мұндай ойдағыдай орналастыруға келмес бұрын эмиссиялық консорциумның басқарушысы ретінде, Halyk Finance компаниясы ҚазАгроҚаржымен және бірлескен андеррайтерлермен бірлесе отырып, ақыр аяғында инвесторлардың қызығушылығын қамтамасыз еткен облигациялар шығарылымының параметрлерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыс атқарды. Біз Ұлттық банктің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді сүрелі төмендету аясында, ҚазАгроҚаржының мәмілесі 2 жылдан аса уақыттан бері отандық нарық көрмеген теңгелей корпоративтік облигацияларды жаңа көпшілік орналастыруларға жол ашады деп сенеміз. ЕАДБ активтер мен пассивтер жөніндегі басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев: «Біз ҚазАгроҚаржымен көптен бері және ойдағыдай ынтымақтаса қызмет істеп келеміз, сондай-ақ бұл компанияның қаржы тұрақтылығына сенімдіміз. Облигация шығарудағы өзіміздің қатысуымызды біз тек ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін ҚазАгроҚаржыға ресурс беру деп қана қарамаймыз, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы капитал нарығын дамытуға қолдау жасау деп қараймыз, бұл қатысушы-елдердің экономикаларын дамытуға және біріктіруге бағытталған банктің стратегиясына сай келеді. Ойдағыдай орналастыру Қазақстан Республикасының АӨК-не инвестициялық құюлардың артуына түрткі болмақ деген сенімдеміз». «Цесна Капитал» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Балкенов: «ҚазАгроҚаржының облигацияларын орналастыру – бұл біздің алғашқы қарлығашымыз және болашаққа үлкен дайындама, өйткені ЕЖЗҚ қатысуынсыз мұндай сома мен мерзімге ақша тарту бұрын іс жүзінде жүзеге асырылмаған». Облигацияларға Fitch агенттігінен «BB+» деңгейінде рейтинг берілді. KASE Листинг комиссиясының 2016 жылғы 09 қарашадағы шешімімен аталмыш шығарылым облигациялары «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышқорлық бағалы қағаздары» категориясы бойынша KASE ресми тізіміне қосылды. Анықтама «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «Halyk Finance» АҚ – қаржы консалтингі мен андеррайтингті (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), көрсетілетін корпоративтік қаржыландыру қызметтерін (компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша көрсетілетін M&А кеңес беру қызметтерін, корпоративтік борышқорлық қайта құрылымдауды қосқанда), көрсетілетін брокерлік қызметтерді және бағалы қағаздар саудасын, KASE сауда алаңындағы көрсетілетін маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық қоржынды басқаруды, сондай-ақ көрсетілетін тұрақты талдамалы қызметтерді бірге қосқанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға ықпал ету мақсатында 2006 жылдың қаңтар айында Ресей мен Қазақстанның құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталын 7 млрд АҚШ долл. құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы. «Цесна Капитал» АҚ – капиталдандыру жөніндегі ең ірі қазақстандық инвестициялық компаниялардың бірі болып табылады. Қор нарығында 12 жыл жұмыс тәжірибесі бар компания бағалы қағаздардың қазақстандық және халықаралық нарықтарында инвестициялау мен қаржыландыру тарту бойынша нақты инновациялық өнім желісін ұсынады. «Цесна Капитал» АҚ – Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада стратегиялық орналасқан жалғыз брокерлік компания.

Дата:  15.11.2016 10:24:00
Вернуться к списку
;